Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешіріңіз, ала алмаймын": Шенеуніктер пара ұсынған адамға қалай жауап беру керек

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қазақстандық шенеуніктер мен басқа мемлекеттік қызметкерлер параға қалай жауап беру керек екенін айтты. Олар ұсынылған ақшадан сыпайы түрде бас тартып, кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке хабарлауы тиіс деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров қызметі барысында ешқашан өзіне пара ұсынылмағанын айтты.

"Мүмкін, менің түрім адал көрінетін шығар. Көмектесуді сұраған кездер болды, бірақ ешқашан ақша ұсынбапты", - деді агенттік қызметкері.

Оның ойынша, кез келген көмек немес қызмет үшін шенеунікке ақша ұсынылған жағдайда, ол сыпайы түрде "кешіріңіз, бұл пара, мен мұны ала алмаймын" деген жауап қату керек.

Содан кейін бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке 1424 нөмірі арқылы хабарласып, факті туралы мәлімдеуі тиіс.

Статистиклық мәліметтерге қарағанда Қазақстандағы жемқорлық фактілері көбіне азаматтардың call-орталыққа хабарласуы арқылы анықталады.

Айта кетейік, қазір қазақстандықтар басқа адамның пара бергенін мәлімдеу арқылы ақша таба алады. Егер жемқорлық фактісі анықталса, хабарлаған азаматқа 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде төлем беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827479-kesiriiz-ala-almajmyn-seneunikter-para-syngan-adamga-kalaj-zauap-beru-kerek/

pixel