Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос ғашық минивэнді баспанаға айналдырып әлемді шарлауда

Опубликовано:

Англиядан шыққан 26 жастағы Бен Фьюри мен 24 жастағы Люси Пинелл бір қалыпты өмірлеріне өзгеріс енгізу үшін саяхатқа шыққан. Ол үшін қос ғашық кішігірім автобусты баспанаға айналдырып, бүгінге дейін жарты әлемді аралап үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бен Фьюри мен Люси Пинелл 1000 фунтқа минивэн сатып алып, оны жайлы баспанаға айналдырған. Ол үшін ғашықтар 5000 фунт жұмсаған. Бүгінде жас британиялықтар 25 мемлекетті аралап үлгерген. Оладың әр күніне шамамен 20 фунт ақша кетеді екен.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Олар көлік үшін саяхат кезінде сатып алынған кәдесыйлармен әсемдеген. Мәселен жерде қолдан жасалған үнді кілемі, ал төсекте мексикалық көрпе тұр.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сондай-ақ, Бен мен Люси барған жерінен естелік сыйлықтар әкеліп, көліктерін әсемдегенді ұнатады.

Бұрын Бен аспазшы болып, ал Люси үйді жалға беру саласында қызмет еткен. Қазіргі уақытта олар фотографқа айналған.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Олар әрбір саяхаттан кейін Ұлыбританияға қайтып оралып, келесі елге саяхатқа шығуға дайындалады.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Қос ғашық бүгінгі таңда бүкіл Европаны аралап шыққан.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Минивэннің ішінде газ пеші, плита, жылу, ыстық су, душ, тоңазытқыш, дәретхана бар.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бен мен Люси Азияға бармас бұрын 7 ай бойы 13 мемлекетті араламақшы.

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

бір штук жаңалық
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827430-kos-gasyk-klikten-baspana-zasap-lemdi-sarlauda/

pixel