Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрек жұтқан жеткіншек қарындасын қолтырауыннан құтқарып қалды

Опубликовано:

Филиппиннің Палаван провинциясында қолтырауын 12 жасар қызды жеп қоя жаздады. Абырой болғанда, оның 15 жастағы ағасы батылдық танытып, қарындасын жыртқыштың аузынан аман алып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

8 қарша, жұма күні 12 жастағы Хаина Лиза Хосе Хабиға ұзындығы төрт метрлік қолтырауын шабуыл жасаған. Кішкентай қыз ағасымен бірге көлшік үстіндегі көпірден өтіп бара жатқан. Сол сәтте қолтырауын оның аяғынан шап беріп, суға тартып кетпек болған.

Арғы жағаға өтіп кеткен жеткіншек айқайлаған дауысты естіп, көмекке жүгіріп келді. Ол жыртқышты таспен ұрып, ақыры қарындасын құтқарып қалады.

Кішкентай қыз ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты.

"Өте алып қолтырауын болды. Қорыққанымнан айқайлап, жылай бердім. Жыртқыштың аузында өлемін деп ойладым", – дейді шошынған қыз бала.

Жергілікті полиция қызметкерлері қолтырауынның тағы біреуге шабуылдау мүмкіндігінен қауіптеніп, оны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жергілкіті тұрғындарды судан алыс жүруге шақырды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға былтыр Индонезияда болған еді. Ол кезде 37 жастағы әйел баласын сүйреп кеткен қолтырауынға тап беріп, 11 жастағы ұлын құтқарып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827416-zrek-ztkan-zetkinsek-karyndasyn-koltyrauynnan-ktkaryp-kaldy/

pixel