Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ақша үнемдеп, жаңа Iphone-ды бөліп төлеуге сатып ала алады

Опубликовано:

Жыл сайын Қазақстанда шамамен үш миллион ұялы телефон сатылады және бұл сатып алуды барынша тиімді, тез және ыңғайлы етуге болады. Қазақстандықтар ең ыңғайлы тарифтік жоспарды таңдап, ұялы байланыс пакеті бар смартфонды сатып ала алады.

Қазақстандықтар ақша үнемдеп, жаңа Iphone-ды бөліп төлеуге сатып ала алады

Бұл ретте электроника дүкендеріндегі сатып алумен салыстырғанда лайықты түрде үнемдеуге мүмкіндік бар. Аталған жағдайда мобильді интернет пен сөйлесу минуттары тегін болады. Kcell компаниясы телефонды шарт арқылы сатып алуға болатын интернет-дүкенді іске қосты.

Смартфонды онлайн түрде, 2-ақ минут ішінде бірнеше сұрақтан тұратын өтінішті толтыру арқылы 6 айдан 24 айға дейін бөліп төлеуге алуға болады. Содан кейін ақпарат скоринг – төлем қабілеттілігін тексеруден өтеді.

Бөліп төлеуді мақұлдау бір минуттың ішінде, ал таңдалған тауарды жеткізу 90 минуттың ішінде жүзеге асады.

Шартты байланысы бар смартфон алудың артықшылығы-сіз ақша үнемдей аласыз! Қалай дейсіз ғой?

Мысал ретінде ең танымал брендтерден Samsung Galaxy Note 10+ 256 Gb гаджетін алайық. Оның бағасы kcell.kz және басқа техника дүкендерінде бірдей 479 890 теңгені құрайды. Алайда, бөліп төлеуге немесе несиеге алғанда техника дүкендерінде телефонның соңғы бағасы 671 472 теңге болады. Ал мобильді оператор компаниясында баға - 479 760 теңге.

Бұл ретте ай сайынғы төлем сомасына тарифтік жоспар бойынша төлем мен жағымды сыйлық кіреді.

"Неге Kcell-ден сатып алу тиімді? Шынына келгенде, себеп көп. Біз құрылғыны кепілдікпен және қызмет көрсетуменсатамыз. Сіз қосымша аксессуарлар, қосымша қызметтер және т.б ала аласыз. Негізгі модельдерге біз байланыс төлемін ескере отырып, нарықтағы смартфон құнына тең бағаны ұсынамыз",- деді "Kcell" АҚ бұқаралық нарықты дамыту департаментінің директоры Хикматулла Насритдинходжаев.

Тағы бір мысал-қазақстандықтар көптен күткен сүйікті iPhone 11 моделі. Мобильді байланыс пакетімен модельдің бөліп төлеуге соңғы әрі нақты бағасы 496 080 теңге болады. Ал басқа дүкенде несиеге немесе бөліп төлеуге баға 552 552 теңгені құрайды.

Компанияда барлық модельге жылдық кепілдік берілетінін атап өтті. Одан бөлек, компания тұтынушыға ресми смартфондарды бірден әлемдік релизден кейін ұсынады. Бұрын мұны тек кепілдік бермейтін импортшылар ғана жасай алатын.

"Біз электроника дүкені болмағандықтан, телефон сату нақты мақсат емес. Егер адамға ешқандай қызмет қажет болмаса, ол тек телефон сатып алғысы келсе, біз оны толық бағасына сатамыз. Ол кепілдік қолдау да алады. Бірақ біз шартты сатылымға қызығушылық танытып отырмыз.
Біз клиенттер қажеттіліктерінің 90% - дан астамын жабамыз, тек бір өндіруші – Samsung компаниясы шеңберінде-сұраныстың 80% - дан астамын",- деді СЕО және "Kcell" АҚ Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис.

Компанияда қазір, тіпті, америкалық байланыс операторларында ұялы байланыс пакетімен біріктірілген смартфондарды сату мүмкіндігі жоқ екенін түртіп өтті.

Байланыс операторы тарапынан мұндай қадам қазақстандықтарға тиімді байланыспен қалаған телефонының иесі атануға ғана емес, Kcell инвестициялық тартымдылығының артуына көмектеседі.

"Біз, Kcell-ге инвестиция құйған компания ретінде бизнес құны тәуелді болатын модельге қараймыз. Бізге баға бойынша бәсекелесе алмайтын жағдайда сапалы клиенттік базаның айтарлықтай өсімін қандай жобалар бере алатыны қызықты болды.
Қазақстанда байланыс жеткілікті түрде арзан, сондықтан, бағаны төмендету арқылы нарықтың үлесіне күресу мүмкін емес. Сөзсіз, Kcell-дің алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі- смартфон иелерінің таңдауы үшін тамаша оператор болу және абоненттің компаниямен жылдар бойы бірге болуына қол жеткізу",- деді "Kcell" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Тимур Турлов.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827215-kazakstandyktar-aksa-nemdep-zaa-iphone-dy-blip-tleuge-satyp-ala-alady/

pixel