KZ
Нұр-Сұлтанда жастар «Қамқорлық мекенжайы» акциясын өткізуде

Нұр-Сұлтанда жастар «Қамқорлық мекенжайы» акциясын өткізуде

Расcказать Вконтакте

Өткен жексенбі, 10 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланып, көптеген аумақ қалың қардың астында қалды. Осы орайда «Қамқорлық мекенжайы» акциясына қатысып жатқан «Астана жастары» ЖРО-ның еріктілері мен белсенділері қарт кісілерге көмек көрсетуде деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда жастар «Қамқорлық мекенжайы» акциясын өткізуде

Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастар бір апта бойы ардагерлерге, жалғызбасты зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға барлық тұрғын үй алаңының аумағын қардан және мұздан тазартуға тегін және ерікті түрде көмек көрсетеді.

Акцияға елуден астам адам қатысады. Аумақты тазарту қаланың барлық шалғай аудандарында және тұрғын үй алаптарының түрлі бөліктерінде өтеді.

Акция қатысушылары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қарды шығару үшін арнайы техника жұмылдырылады.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кеше, яғни 12 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 1008 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен бірге, 1749 жол тазалау қызметкерлері жұмыс жасауда.

Қала аудандарындағы көрсеткіш мынадай:

«Алматы» ауданы – 223 бірлік техника мен 390 жол жұмысшысы.  

«Байқоңыр» ауданы – 149 бірлік пен 320 жол жұмысшысы.

«Есіл» ауданы – 385 бірлік техника мен 538 жол жұмысшысы.

«Сарыарқа» ауданы – 251 бірлік пен 501 жол жұмысшысы.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Новости Казахстана
Mailfire view pixel