Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақсаусақ болып келгенмін": Ақбота Айдарқұлова енесінің алдында ұятқа қалған

Опубликовано:

Ақбота Айдарқұлова алғаш келін болып түскен кезінде енесінің алдында "аздап ұятқа қалғанын" мойындады. Әнші ақсаусақ болып келгеніне қарамастан, уақыт өте келе бәрін меңгеріп алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың жары бастапқыда тамақ әзірлеуден қиналғанымен, бүгінде ас үйдің шаруасын оңайшылықпен жүргізетін болған.

"Ақсаусақ болып келгенмін, бірақ енемнің, мамамның арқасында қазіргі уақытта ас үйдің қыр-сырын үйрендім. Тағамның қыр-сырын деген сияқты.
Заманауи келін деген енді үйді де ұстап отыратын, бала шағаны да бағып отыратын, асты да әзірлеп кететін жұмысты да қатыратын адам болуы керек" , - деді Ақбота Айдарқұлова.

Айта кетейік, Ақбота мен Дәуреннің махаббат хикаясы "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінен бастау алған болатын.

Бір-біріне ғашық болған жұп уақыт өте келе отбасын құрды. Бүгінгі күні олар бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Дәурен Айдарқұлов үшін - бұл екінші неке болды. Бірінші әйелі әзілкешке үш бала сыйлаған.

Ақбота өмірлік серігін кезіктірген киноның түсірілімі аяқталғаннан соң, өзі өнер көрсеткен "Кешью" тобынан кетіп қалды. Көпшілік жас арудың жеке әншілікті қолға алатынын болжап жүргенде, өнер иесі ана атануға дайындалып жүрген болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1827065-aksausak-bolyp-kelgenmin-akbota-ajdarklova-enesini-aldynda-atka-kalgan/

pixel