Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өндірістен зардап шегушілер саны азайып келеді

Опубликовано:

2019 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша, елімізде өндіріс орындарында 943 адам зардап шеккен. Өткен жылы дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 1080 адамға жеткен болатын.

Елімізде өндірістен зардап шегушілер саны азайып келеді
Фото: Pixabay.com: Facebook

Бүгінде еңбек қауіпсіздігі саласына үздіксіз бақылау жүргізіліп келеді. Осы ретте, барлық жұмысшы міндетті тәртіпте нұсқаулықтан өтеді, арнайы киім және аяқ киіммен жабдықталады, сондай-ақ жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында соңғы 9 ай ішінде 1793 заң бұзушылық тіркелді. Бұл – қанағаттанарлық жағдай емес, дегенмен өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Осы бағытта сапалы еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында жұмыс берушілер үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылып, ірі кәсіпорындарға жіберіледі», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов.

Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жазатайым оқиғаларды нақты болжау мүмкін емес. Сол себепті, жұмысшы мен жұмыс беруші қауіпті кезде қалай әрекет ету керектігін білуі қажет.

Бірінші кезекте қауіп-қатер тек зардап шегушіге ғана емес, сонымен қатар басқа да жұмысшыларға қатысты екендігіне түсіну керек. Одан кейін қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізу үшін дереу жедел жәрдемге хабарласу керек. Егер өздігінен жүруге мүмкіндігі болса, медициналық мекемеге баруына көмек көрсеткен абзал.

Артынша оқыс оқиға болған жерді жазып алу қажет. Егер мүмкіндік болса оқиға орнын бөтен адамдардан қоршау керек немесе оны фотосуретке не бейнекамераға жазып алған дұрыс. Бұл заң бұзушылықты анықтауға, кінәліні табуға көмектеседі. Бұдан кейін тергеу жүргізу үшін жауапты органдарға хабарласу керек, сондай-ақ сақтандыру компаниясына да ақпарат беру қажет.

Статистикаға сүйенсек, биылғы қазан айына дейінгі көрсеткіш бойынша 61 жазатайым оқиға болып, одан 159 адам жарақат алған. Кез келген төтенше жағдайға тергеу жүргізіледі. Егер оқиға қызметкердің өз кінәсінен болса, яғни есірткі, алкоголь секілді ағзаға зиянды заттардың әсерінен болған жарақат «өндіріске байланысты емес» деп саналады.

Экономика салалары бойынша ең көп зардап шегушілер тау-кен металлургия кешені (15%) мен құрылыс (10%) саласында екен. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек процесімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу өндірістік жарақаттың ауырлығына байланысты актіні алған сәттен бастап бір күн ішінде жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826980-elimizde-ndiristen-zardap-segusiler-sany-azajyp-keledi/

pixel