Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйіп қалдым жас баланы": Белгілі әзілкеш өзінен бірнеше жас кіші күйеуіне арнап ән шығарды

Опубликовано:

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаев өзінен бірнеше жас кіші күйеуіне арнап ән шығарды. Түрік әнінің сөзін өзгерткен ол, өзін алдағы уақытта әншілік қырынан байқап көрмек екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Әзілкештің бұл жаңалығымен оның жолдасы Әрсен Акиев бөлісті. Ол онда:

"Әнші боп кете ма сонда? Мерекенің орындауындағы "Сүйіп қалдым жас баланы" әнін тыңдаңыздар", - деп жазған.

Желі қолданушылары актрисаның аталмыш жаңалығын қуана қабылдаған.

Олар: "Жарайсыздар", "Жарасымды жұпсыздар", "Елдің сөзіне ермеңіздер, тек бақытты болыңыздар", "Керемет" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетерлігі, Мереке Қалбаев биытанымал әнші Жігер Аупбаевпен бірге "Екі жұлдыз" жобасына қатысып жатыр. Бағдарламаның өткен сандарында жұлдызды жұп "Омпай, опмай" әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Еске саларлығы, әзілкеш ару былтырғы жылы өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, шаңырақ көтерген еді. Сондай-ақ олардың отбасында жақында сәби дүниеге келетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826905-sjip-kaldym-zas-balany-belgili-zilkes-zinen-birnese-zas-kisi-kjeuine-arnap-n-sygardy/

pixel