Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жаппай төбелес: Бірінші курс студенттері ұсталды

Опубликовано:

3 қарашаға қараған түні Алматының Желтоқсан көшесіндегі караоке-бар маңында жаппай төбелес болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын екі бірінші курс студентін ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Кадрлар видеодан алынды
Оқиға орны. Кадрлар видеодан алынды: UGC

Алматы полиция департаментінің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімінде мәлім еткендей, ұсталған студенттер аталған қылмысты жасады деп күдіктелуде.

Олар жауап алу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түнгі клубта бейтаныс біреулермен сөзге келіп қалғандарын, кейннен даудың арты төбелеске ұласқанын айтып берген.

Қазіргі уақытта қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, Алматы орталығында болған жаппай төбелесті оқиға куәгерлері видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған болатын.

Видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында пайда болды. Онда бір топ жігіттер арасында жанжал туындағынын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдарына бұл оқиғаға байланысты ешқандай арыз түспеген.

Алайда, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді күнделікті тексеру арқылы аталған видеоны анықтағаннан кейін бұзақылық фактісі бойынша қылымыстық іс қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1826807-almatydagy-zappaj-tbeles-birinsi-kurs-studentteri-staldy/

pixel