Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бас шырша қашан жағылады

Опубликовано:

Алматы Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иллюстрациялық фото: pixabay.com
Иллюстрациялық фото: pixabay.com: UGC

Құрмашевтың сөзінше, қазір жаңажылдық безендіру қолға алынған.

"Бірыңғай брендбук әзірледік. Бұл - техникалық құжат. Оны безендірумен айналысатын компанияларға таратып береміз. Біз қаланың шалғай аудандарын да сәндейміз", - дейді Ернар Құрмашев қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, биыл мегополис көшелері арнайы дизайн бойынша әрленбек.

"Мерекелік алаңдарға келетін болсақ, мұнда полиорталықтандыру қарастырылған. 8 алаң болады. Барлығына жасыл шырша орнатамыз. Мерекелік шоу-бағдарламаны да ойластырып қойдық. Ең үлкен шыршаны "Астана" алаңына орнатамыз. Шыршаның шырағын жағу рәсімі 18 желтоқсанға жоспарланған", - дейді Алматы қалалық мәдениет басқармасының бастығы Ернар Құрмашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826377-almatyda-bas-sarsany-syragy-kasan-zagylady/

pixel