Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

54 жасында әлем чемпионы атанған қазақ әжей туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Румынияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында 54 жастағы қазақстандық Рахия Молдашева жеңімпаз атанды. Ол әлем чемпионатына алғаш рет барған деп хабарлайды Vesti.kz.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz: Twitter

Рахия Молдашеваның сөзінше, өзі Румыниядағы әлем чемпионатынан сөзбен жеткізе алмайтын әсер алған. Ал шешуші кезеңде толқығанын айтады.

"Еліме жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Үйде бәрі алаңдап отырды", - дейді чемпион. 

Рахия Молдашева үй шаруасындағы әйел адам. Екі ұлы, екі қызы, немересі мен жиені бар.

"Олардың бәрі мені бір батырдай көреді. Мені тани бастағанын байқадым, алайда, өзімді жұлдыз сезінбеймін.
Менің кумирім - Геннадий Головкин. Оның жекпе-жектерінің барлығын тамашалаймын. Ол мықты спортшы және еліміздің даңқын шығаруда. Бізді жеңіске шабыттандырды", - дейді Молдашева.

Айта кетейік, қол күресінен әлемдік додаға 54 ел қатысқан. Жалпы қазақстандық спортшылар сегіз алтын, тоғыз күміс және 11 қола жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан Ресейден кейін екінші орынды иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826354-54-zasynda-lem-cempiony-atangan-kazak-zej-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel