Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" арнасында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жайлы жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ

Опубликовано:

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен, шалғайдағы ауыл мектептерінің бірінен 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектердің кездесулері мен олардың қилы өмірлері туралы жаңа комедия түсірілді. Бүгінгі таңда «Армандастар» деп аталатын комедияның түсірілім жұмысы толығымен аяқталып, өңдеу жұмыстары өтуде. Туынды 11 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан көрермен назарына ұсынылады. Картинаның продюсері әрі сценаристі – Гүлнұр Мамасарипова.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Кім кімнің де балалық шақтан бойшаң бозбала кезге дейінгі балдырған шағының куәсі болған, шалалық пен балалықтың естелігі болған - ауылы ерекше ыстық. «Армандастар» комедиясының өн бойында осындай ауылдың біріндегі 20 жылдық кездесулерін өткеруге бел буған сыныптастардың түрлі тағдырлары, бір-бірімен көріскеннен кейінгі ішкі жан дүниесіндегі алапат ауыс-түйіс сезімдері көрініс тауып отырады.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Ауылдағы орта мектептің директоры Асылбек - 20 жыл бұрын өзі басқарып отырған мектебінің түлегі болған. Асылбек биылғы соңғы қоңырауға ерекше толқыныспен, тебіреніспен дайындалуда. Себебі, ол сыныптастарының 20 жылдық кездесуін ұйымдастыруды қолға алған. Ол ауылда қалған бес-алты сыныптасын жинап, дайындықты бастап кетеді. Алпамыс, Нұржан, Раушан, Нұрсұлуды қосқанда бес адам ұйымдастыру комитетін құрады. Арнайы чат ашып, сыныптастарын түгелдей бастайды.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Ауылдағылардың бұл бастамасын еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген сыныптастар қолдай жөнеледі. Асылбек шын мәнінде бір адамды қатты күтіп жүр. Чатқа қосылғандардың арасында ол жоқ. Оның қайда екенін ешкім білмейді. Асылбек өзінің жақын досы Сайлауға қоңырау шалып кезіндегі ғашығы - Гүлбануды табуын өтінеді. Алайда оны іздеп табу қиынға түседі.

Ауыл сыртында бала кездегі құлынтайдай тебісіп өскен өзеннің бойы. Асылбек оқушылар мен мұғалімдерді жұмылдырып жүріп, сол өзеннің бойына ашық аспан астындағы мейрамхана жасайды.

Жиырма жылдық кездесуге бәрі дайын. 25-мамыр. Соңғы қоңырау. «Жас түлек - 1999» деген жазуы бар лентаны тағып алған жақын жердегі сыныптастар сақадай сай.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Кеш қызарып бата бастаған кез. Өзен маңындағы мейрамханада сыныптастардың сыры да, мұңы да шиеленіскен қызықты кеш жалғасын табуда. Араға үзік уақыт салып, көптен күткен Гүлбану да, басқа да сыныптастары келіп, төрт көздері түгелденеді. Бір күнге бас қосқан «армандастар» дәстүр бойынша арайлы таңның атуын, шырайлы күннің шығуын күтіп, балғын балалық шақтарына саяхат жасайды.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Замандастардың арасында әлі күнге үйленбеген сүр бойдақ бар, ол - Мұхит. Сол ауылда тұрады. Қаладан келген қыздардың арасында да тұрмыс құрмаған жалғыз Гүлзада еді. Бәрі ақылдаса келе сол екеуіне жеңгетайлық жасамақ болады.

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

Екеуін үйлендіру операциясын іске асыру үшін барлығы тағы бір күнге ауылда қалу туралы шешім қабылдайды. Сүр бойдақтарды қосамыз деп жүргенде сыныптастар ауылда бес күн жүреді. Сол бес күн олардың әрқайсысының өміріне үлкен өзгерістер алып келеді. Сол бес күнде бұрын қыз-жігіт болып сөйлескендер сезім сырына бөленіп, сыныптастардың өмірлері – мүлде басқа арнада өрбиді...

20 жылдықта жүздесетін түлектердің түрлі тағдырлары туралы жаңа телехикая

25 бөлімнен тұратын бұл телехикаядан Берік Айтжанов, Кәмшат Жолдыбаева, Азамат Сатыбалды, Алма Әділқызы, Нұргүл Нұғыманова, Рүстем Жаныманов, Асылбек Қапаев, Дулыға Ақмолда, Мақпал Исабекова, Ерғали Дүйсен, Әлімхан Мырзахан, Сәния Ерзат сынды актерларды көре аласыздар.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1826322-habar-arnasynda-20-zyl-bryn-mektep-bitirgen-tlekter-zajly-zaa-telehikaa-krermenge-zol-tartpak/

pixel