Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да із-түссіз жоғалған 22 жастағы бойжеткен іздестірілуде (фото)

Опубликовано:

Кундыз Жолтаева
Фото: ibirzha.kz: UGC

Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Құндыз Мұратқызы Жолтаеваны іздестіруде. 4 қараша күні ол таңғы сағат 9:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен деп хабарлайды АқпаратБиржаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткеннің тұрғылықты мекенжайы: Ақсай қаласы, Заводская көшесі, 88 үй.

Бойы: 170 см, салмағы: 60 келі, шашы қою қара, ұзын. Құндыз қызыл түсті пальто мен қара түсті жемпір киген. Аяқ киімі қоңыр түсті.

Бөрлі ауданының полициясы Құндыздың тұрған жері жайлы қандай да бір ақпаратты білетін адамдарды "102" немесе 8 (778) 544-44-34 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Бұдан бөлек, Мой Город Оралда 41 жастағы Абай Жолаевтың жоғалғанын хабарлайды. Оның із-түссіз жоғалғаны жайлы әпкесі Жансұлу Ғалиева хабарлады.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Әйелдің сөзінше, 2019 жылдың 2 қазанында Абай жұмыстан кейін шашын алдырту үшін шаштаразға кірген. Ал салоннан шыққаннан кейін оны ешкім көрмепті.

Жансұлу ер адам келесі күні Ақсай қаласына аттанбақ болғандықтан, оны үйінде күтіп отырған.

Кешкі 8 шамасында әлденеден күдіктенген әйел Абайға хабарласуға тырысады, алайда ол мүмкін болмапты. Әпкесінің сөзінше, сол күні түнде оның нөмірі WhatsApp желісіне қосылған.

Алғашқы екі күнде отбасы іздеу жұмыстарымен өздері айналыспақ болған. Алайда еш нәтиже бермеген соң олар полицияға арыз жазған.

Жоғалған күні Жолаев көк түсті сырт киім, көк джинсы және қара кроссовка киген. Ол өзімен бірге 40 мыңнан 50 мыңға дейінгі көлемде ақша алып жүрген.

Жоғалған азаматтың туыстары мен полиция Абай Жолаевтың жағдайы мен мекен-жайын білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды 8 (747) 240-40-51 немес 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826239-bko-da-iz-tssiz-zogalgan-22-zastagy-bojzetken-izdestirilude-foto/

pixel