Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Баяндарова Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

Опубликовано:

Әсел Баяндарова Instagram-парақшасында видео жариялап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол өз сөзінде полиция полковнигінің өзінен 35 миллион теңге ақша сұрағанын мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогердің сөзінше, оқиға өткен жылдың желтоқсанында бастау алған. Ол кезде оның анасын жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетіп, ауруханаға жеткізген. Аурухананың өзінде олар әйел адамды апат жайлы ешкімге тіс жармауға көндіре бастапты.

Баяндарованың сөзінше, олар анасына үнсіздік үшін 100 доллар ұсынып, бірнеше сағат бойы оны көндіруге тырысқан. Алайда әйел адам бас тартыпты.

Бірнеше сағат бұрын жарияланған үндеуде Баяндарованың айтуынша, оның анасын полиция полковнигі қағып кеткен.

Блогердің сөзінше, ер адам өз кінәсін мойындамақ түгілі өзіне ешқандай қатер төніп тұрмағанын алға тартыпты.

"Полковниктің сөзінше, "ол өз түсінігі бойынша өмір сүретін "мент" және онымен дауласу менің қолымнан келмейді", - дейді Баяндарова сөзінде.

Сондай-ақ, ол полиция қызметкерінің кінәсін айғақтайтын дәлелдердің барын айтуда. Әселдің анасын қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған.

Алайда, болгердің сөзінше, мұндай айыптаулар полковниктің көңілінен шықпаған. Енді ол кек алу мақсатында 35 миллион теңге мен Баяндарованың барлық мүлкін талап етіп отыр.

Әсел тәртіп сақшысының заңгерлері бұл істі жабуға тырысып жатқанын да айтты.

Келіншектің хабарлауынша, кінәлі адамды жазалайтындай оның таныс-тамыры мен қаржысы жоқ. Алайда ол бұл үндеуді президенттен көмек сұрау үшін емес, басқаларды осындай әрекеттерден арашалау мақсатында жолдаған.

"Құрметті президент, егер "түсінік" бойынша өмір сүретін полиция қызметкерінің пайдасы үшін мемлекеттік заңдылық жүйесін бұрмалауға рұқсат етілсе, қаншалықты барлығы дұрыс жүріп жатыр?", - деді блогер.

Естеріңзге сала кетейік, осы жылдың тамызында Әсел Баяндароваға жала жапты және қорлады деген айып тағылған еді. Мұндай ақпарат Қазақстанның Жоғарғы соты сайтында жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826075-sel-baandarova-tokaevka-ndeu-zoldady-video/

pixel