Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақованың анасы алғаш рет жүзін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Атышулы инста сылқым Айжан Байзақованың анасы Instagram парақшасында алғаш рет жүзін көрсетті. Желі қолданушылары Айжанның анасына тартқанын айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Желіде үнемі келбетін көрсетпейтін Байзақованың анасы бұл жолы оқырмандарына жүзін көрсетуді ұйғарса керек.

"Көпшілік неліктен менің бет жүзімді жасырып жүргенімді сұрап, ұялмауымды өтінді. Міне менмін, қарапайым адаммын. Бетімде артық мұрын жоқ. Танысқаныма қуаныштымын, мен үш немеренің әжесімін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары үш баланың әжесіне жылы лебіздерін жаудырды.

"Кереметсіз", "Сондай әдемісіз", "Сұлусыз", "Сізді "әже" деу қиын ғой", "Айжанның анасы неткен сұлу еді", "Сұлу қыздың қайдан шыққан енді белгілі болды", "Айжан сізге ұқсапты", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826055-ajzan-bajzakovany-anasy-algas-ret-zzin-krsetti-foto/

pixel