тест nur.kz
Банктік карта арқылы алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін бе?
Біздің қитұрқы сұрақтарымызға тек шынайы түрде «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз, кейін өзіңіз барлығын түсінесіз.
Тестті бастау
Сіз мейрамханада немесе дәмханада шот төлегенде даяшының қолына картаны бересіз бе?
Мұны жасаудың кажеті жоқ - ол карта деректерін көшіріп алып, интернет арқылы сауда-саттық жасай алады.
Мақтауға тұрарлық, осы бетіңізден таймаңыз, сонда мекеме қызметкерлерінің сіздің төлем деректеріңізді ұрлауға мүмкіндігі болмайды.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Егер кассада 15 минутқа немесе одан көп уақытқа картаны ұмытсаңыз, қайтып ораласыз ба?
Ең алдымен мобильді банкингке кіргеніңіз жөн болады, картаны бұғаттап, кейін қайта шығаруға беріңіз. Содан кейін ғана кассаға жүгірсеңіз болады.
Сіздікі дұрыс, алдымен картаны бұғаттау және қайта шығаруға беру қажет, одан кейін ғана касса қайтсаңыз болады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Бөлімшеде банк қызметкеріне SMS-хабарламадағы кодты айтасыз ба?
Хабарламаларда " SMS-кодты ешкімге айтпаңыз" деп жазылған. Банк кеңесін ұстану керек, айлакерлік схемалардың хит-шеруі туралы мақалада кеңестерге құлақ аспаған жағдайда не болуы мүмкін екенін айтамыз.
Бәрі дұрыс! Хабарламаларда " SMS-кодты ешкімге хабарламаңыз" деп жайдан-жай жазылмайды.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Банктің ақылы конкурсына қатысасыз ба?
Бекер - банк ешқашан жеке тұлғаларды промо-конкурсқа қатысу үшін төлеуге мәжбүрлемейді. Алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Айлакерлік схемалар хит-шеруі туралы мақалада қалай болатынын оқыңыз.
Дұрыс жасадыңыз. Банк қатысушыларды конкурсқа қатысу үшін ақы төлеуге ешқашан мәжбүрлемейді.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Бір рет болсын картаңыздың суретін біреуге жібердіңіз бе?
Ешқашан олай жасамаңыз, тіпті сізге жалынса да. Кез келген аударым үшін картаның 12 таңбалы нөмірі жеткілікті болады. Оны тек хабарламаға жазыңыз, суретке түсіру қажет емес – өйткені картада сіздің ақшаңызды ұрлауға алаяқтар үшін жеткілікті ақпарат бар.
Өте дұрыс. Кез келген аударым үшін картаның 12 таңбалы нөмірі жеткілікті болады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Картаңыздың артқы жағындағы 3 таңбалы санды сізден басқа адам біле алады ма?
Ол сіз үшін қауіпті. Құпия ақпаратты тарату сіздің ақшаңыздың жоғалу мүмкіндігін арттырады. Картаны қайта шығаруға кеңес береміз.
Керемет! Ешкімге айтпаңыз және ақша сіздің шотыңызда қалады.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Картаның пин-кодын блокнотқа жаздыңыз ба?
Пин-кодты өзгерткеніңіз абзалырақ және бұдан былай олай жасамаңыз, өйткені жазбаға кездейсоқ тап болған адам, пин-кодты біле алады.
Дұрыс! Қарапайым 4 таңбалы кодты қағазда сақтағаннан гөрі есте сақтаған сенімді.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Банктен келген SMS-хабарламаларды елемей қойған кездеріңіз болды ма?
Бекер! Онда, мысалы, сіздің картаңыздағы қаражатты есептен шығару туралы хабарламалар болуы мүмкін.
Өте дұрыс! Өйткені олардың арасында сіздің қатысыңызсыз картаңыздан қаражатты есептен шығару туралы хабарламалар болуы мүмкін.
Әрі қарай
Тексеру
Нәтижені білу
Сақ болғаныңыз жөн. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін біздің Қазақстандағы танымал алаяқтық тәжірибелер бойынша шағын-гидымызды оқып шығыңыз. Ол сізді қорғайды.
Тағы да өту
Сізді алдап кетуі мүмкін екенін білесіз, сақ болыңыз, және карталар арқылы жасалатын айлалар жайында көбірек ақпарат алу үшін біздің Қазақстандағы танымал алаяқтық тәжірибелер бойынша шағын-гидымызды оқып шығыңызға кеңес береміз.
Тағы да өту
Сіз сақ адамсыз – және бұл алаяқтардан сақтанудың ең сенімді жолы! Осы бетіңізден таймаңыз, өйткені олар ешқашан тыным таппайды, әр түн сайын олар миллиондарға қол жеткізудің түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Бос уақытта біздің Қазақстандағы танымал алаяқтық тәжірибелер бойынша шағын-гидымызды оқып шығыңыз - сізге ұнайтынына сенімдіміз.
Тағы да өту
Біз адамдарды жақсы қырыннан көруге және бәрін өзімізбен салыстыруға бейімбіз. Бірақ мұндай қарапайым мінез-құлық қалтаңызға салмақ түсіруі мүмкін. Аңғал адамдар әрдайым алаяқтардың назарында болады, ал интернет дамыған заманда, олардың айлалары одан да жетілдіріле түсуде. Алаяқтардың қазақстандықтардың сенгіштігін пайдаланып, карта иелерінің ерікті түрде келісімімен ақша ұрлап жүрген күнделікті 5 жағдайын қарастырып көрейік.
  • 1 оқиға
    Диана Нұр-Сұлтаннан Шымкентке көшіп барып, ішігін хабарландырулар сайты арқылы сатады. Ішіктің суретін жариялап, бағасын көрсетіп (150 мың теңге) және сатып алушылар тікелей өзіне хабарласуы үшін телефон нөмірін жазады – осылай жылдамырақ. Оған бірден Айгүл хабарласып: «ішік керемет, және өлшемі де маған сай, ешкімге бермеңіз, дәл қазір сатып аламын», - дейді. Тек картаңызды екі жағынан суретке түсіріп, Whatsapp арқылы жіберуін өтінеді.

    Диана суретті салып жіберді, алайда ақша келмеді, керісінше, кетті. Картада көрсетілген ақпарат (нөмірі, иесінің аты-жөні, қолданылу мерзімі және CVC/CVV-коды), алаяқтарға жеткілікті болды. Сіз Диана жасаған қателікке жол бермеңіз, бейтаныс адамдарға карта нөмірінен басқа ақпарат бермеңіз және оны суретке түсірмеңіз. Жай ғана нөмірін мәтін арқылы теріп жіберіңіз кез-келген ақша аударымын жасау үшін осы да жеткілікті.

  • 2 оқиға
    Индира барлық әлеуметтік желілердің арасынан көбіне Instagram-ды қолданады – қызықты бейнелер көреді, жаңалықтар оқиды. Жақында сауалнамадан өтіп, ең аз 100 мың теңге ұтысқа ие болуға болатын үлкен банктің постын көзі шалады.

    Тек бар-жоғы 1000 теңге жарна төлеу қажет. Керемет көп ақша да емес – ал егер ұтысқа ие болсаң, үстіне біраз ақша қосып, Түркияға барып қайтуға болады.

    Индира жарнаны жалақы алатын картасынан төледі. Ақша кетті, кейін өз-өзінен барлығы жабылып қалды. Ол хабарландыруды мұқият оқи бастады. Барлығы сауатты жазылған, тек банк атауында бір қате бар және көк белгі жоқ, жазылушылар саны да өте аз - аккаунт сөзсіз жалған. Сіз Индира сияқты болмаңыз және қандай да бір шараға қатысудан бұрын ақпарат көзін мұқият тексеріңіз.
  • 3 оқиға
    Самал құрбысымен кофеханаға барады. Уақытын тамаша өткізеді. Даяшы шот алып келгенде, әдеттегідей картасын ұсынады. Біраз уақыт өткен соң ол картадағы ақша азая бастағанын байқайды.

    Банкке хабарласып, мән-жайды сұрастырғанда, интернет арқылы сатып алулар жасалғанын анықтайды. Даяшы картаның деректерін, оның ішінде артқы жағындағы 3 таңбалы кодты көшіріп алып, қалаған заттарын сатып алып жүрген.

    Сіз Самал жасаған қателікке жол бермеңіз – міндетті түрде карта бойынша транзакциялар туралы мобильді SMS-хабарламаларды орнатыңыз. Егер қатысыңыз жоқ төлемдерді байқасаңыз, бірден картаны ұялы қосымша арқылы бұғаттап, даяшыларды терминалдарын жаныңызға алып келуін сұраңыз, ал картаны өз қолыңызда ұстап, көзден таса қалдырмаңыз.

    Бұдан да әріге баруға болады – интернет-төлемдерді мүлде өшіріп қойып (оны мобильді қосымшада оп-оңай жасауға болады), ал интернетте зат сатып алатын кезде қайтадан қосып – Мысыр еліне билет, кір жуатын машина, немесе кез келген затты сатып алғаннан кейін қайтадан өшіріңіз. Ішпыстырарлық шаруа, алайда өз еңбегіңізбен тапқан ақшаны сақтап қалудың жолы.
  • 4 оқиға
    Даниярға банктен хабарласты-мыс. Оған - «картаңыз бойынша күмәнді белсенділік байқадық, енді жеке өзіңізбен барлығы дұрыс екенін тексеру қажет. Тек қазір ғана келген SMS-кодты айтуыңыз керек» - дейді. Данияр бөлімшеге барайын деп еді, хабарласушының SMS –кодтың өзі жеткілікті болады дегеніне сеніп, кодты айта салды. Кейінірек картасында жатқан 100 мың теңгесінен айырлып қалады. Өзін банк қызметкері деп таныстырған алаяқ ақшаны басқа шотқа аударып алған.

    Банк әрбір код жазылған SMS-хабарламасында «КОДТЫ ЕШКІМГЕ ХАБАРЛАМАҢЫЗ!» деп жазса – ол кодты ЕШКІМГЕ айтпаңыз деген сөз. Ал банк қызметкерлерінің ол кодты сұрауға еш негізі де, құқығы да жоқ. Сондықтан Данияр жасаған қателікке жол бермеңіз және банктен келген SMS-хабарламада не жазылғанын мұқият оқыңыз.
  • 5 оқиға
    Әйгерімнің үнемі барлығын ұмытып жүретін апасы бар. Ол жақында әмбебап дүкенге барып, нан алып, кассада зейнетақы алатын қартасын ұмытып кетеді. Әйгерімге оны іздеуге тура келді. Сыпайы сатушы тап болғаны жақсы болды, бірден картаны қайтарды. Әйгерім үйге қайтар жолда «Апама мұқият болыңыз немесе қолма-қол ақшамен саудаласыңыз деп айту керек», - деп ойлады.

    Шынында да, кассада бірнеше сағат бойы жатқан картаны қайтадан жасатқан абзал, өйткені, біраз уақыт өткен соң онда жатқан ақша жоғалып кетуі мүмкін. Әйгерім жасаған қателікке жол бермеңіз. Картаңыз жоғалса – бұғаттап, жаңасын жасатыңыз, әйтпесе бейтаныс адамдардан жапа шегуіңіз мүмкін.
  • Қорытынды
    Шынында да алаяқтардың сіздің еңбектеніп тапқан ақшаңызды иемденіп, баюға тырысып жатқан көптеген оқиғалар бар. Бірақ негізгі қағида мынандай – картадағы, мобильді банкингтегі, SMS-хабарламалардағы ақпарат - құнды, құпия және тек сізге ғана арналған. Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса - ресми сайтта көрсетілген ресми нөмірлер бойынша банкке қоңырау шалыңыз және өзіндік әрекет етпеңіз, сіздің төлем ақпаратыңызға қызығушылық танытқан адамдардың сөзіне сенбеңіз және «жеңіл ақшаға» қызықпаңыз.

© ЖШС «Интернет портал Нур», 2009-2019
Барлық құқықтар қорғалған