Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінен аумай қалған": Айгүл Мүкей қызын алғаш рет көпке көрсетті (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей көпшілікке алғаш рет кішкентай қызын көрсетті. Желіге Хабиба есімді кенжесінің суретін жүктеген ол балапанының әкесінен аумай қалғанын да жасырмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Айгүл Мүкей осыдан бір жарым жыл бұрын екінші мәрте ана атанған еді.

Қызы Хабибаны көп уақыт бойы көпшіліктен жасырған тележурналист бүгін алғаш рет оның суретін желіге жүктеді.

"Бәріне сәлем, анасы болып Хабиба ханшайымымызды сіздерге таныстырғалы отырмын. Біз осындаймыз... Қарсы алыңыздар, әкесінен аумай қалғаны тағы бар. Айтпақшы бізге бүгін бір жарым жас. Хабиба сіздердің жылы тілектеріңізді күтуде", - деген ол өз жазбасында.

Желі қолданушылары кішкентай ханшайымға деген ақ тілектерін аямаған.

"Тәтті балапан", "Сізге де ұқсайды", "Әдемі балақай", "Тіл-көзден аман болсын", - деген тілектерін жаудырып жатыр жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825782-kesinen-aumaj-kalgan-ajgl-mkej-kyzyn-algas-ret-kpke-krsetti-foto/

pixel