Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұғалімнің ізіне түспейді": БҒМ вице-министрі ЕҰУ-дағы оқыс жағдай жайлы айтты

Опубликовано:

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Кәрінова ЕҰУ-дың сабақ үстінде ойда-жоқта төбесі опырылған аудиторияда болған мұғалімнің ізіне ешкім түспейтінін айтты. Осыған дейін ұстаз сабақты тоқтатқаны үшін "ескерту" алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: turantimes.kz
Фото: turantimes.kz: Twitter

Вице-министр ЖОО мұғалімінің жағдай жақсы екенін алға тартты. Оның соңына ешкім түскен жоқ, қызметтік тергеу жүргізілмейді. Университеттің де, Білім және ғылым министрлігінің де ұстанымы солай.

Кәрінова оқытушыға ешқандай тәртіптік жаза қолданылмағанын түсіндірді.

Қазіргі уақытта ЕҰУ-да аудиторияның төбесі неге опырылғанын анықтап жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Университет бұл жағдайға құрылысшылардың кінәсі бар-жоғын зерделеуді көздеп отыр.

Университет оқытушылары мен студенттер неге дәл осындай жағдайда сабақ өтуі керек деген сұраққа БҒМ вице-министрі "жағдай жасау- ұзақ процесс, олар жасалады" деп жауап берді.

Айта кетейік, жақында сабақ үстінде ЕҰУ аудиториясының төбесі опырылып, ұстаздың миы шайқалды. Сонымен қатар, оқиғаға байланысты педагог та жауап беретіні туралы ақпарат тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825255-mgalimni-izine-tspejdi-bgm-vice-ministri-eu-dagy-okys-zagdaj-zajly-ajtty/

pixel