Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белсіз күйеуімен ажырасқан әйел алғашқы махаббатына қосылуды ойлап жүр

Опубликовано:

Бүгінде күйеуімен ажырасып кеткен келіншек алғашқы махаббатымен қосылуды ойлап жүр. Бірінші күйеуінен некені бұзуға рұқсат алмаған ол бұрынғы ғашығыма сезімім қайта оянды дейді. Бұл туралы "Алаш айнасы" жазады.

Көрнекі фото: marieclaire.ru
Көрнекі фото: marieclaire.ru: Instagram

Бақуатты жанұяда туып-өскен ерке қыз 16 жасында алғаш рет ғашық болған.

"Ол жігіт өте салмақты еді.Сол кездегі оған деген сезімімді жазып жеткізе алмаймын.Бір күні анам хатты тауып алып, маған қатты ұрысты. "Есіл-дертің жігіт болса, мен сені оқытпаймын" деді. Сондықтан жігітіммен сирек сөйлесуге, кездесуге тура келді. Біраз уақыт өткеннен кейңн мен қалаға оқуға кеттім. Оқуға түсіп, қалада тұрып жаттым, ол басқа қалада оқыды. Арамыз қашық болғандықтан бірте-бірте хабарласпай кеттік. Кейін ол жігіттің басқа қызбен жүретінін естідім. мен жоғары оқу орнын бітіріп, магистратурада оқыдым",- дейді келіншек.

Осы аралықта нәзік жандыға сезім білдіріп, сөз байласқан жігіттер де баршылық екен.

"Уақыт өте келе 24 жасымда аяқ асты бір жігітпен танысып, екі рет көріп сол жігітке тұрмысқа шықтым. Күйеуім өзімнен 5 жас үлкен жігіт.Тұрмысқа шығатын жасым келді ме, бәлкім тағдырым ба, әйтеуір ойланбай сол адамға тұрмысқа шықтым",- деді әйел.

Жұбайымен бақытты ғұмыр кешкен келіншек уақыт өте оның белсіз екенін біліпті. Оқыған, жоғары білімді азамат болса да, сауатты сөйлей алмайтын күйеуін келіншектің туыстары мен ата-анасы жақтырмаған екен. Ақырында жақындары болып, екеуін ажырастырып алыпты.

"Бірақ ажырасуға жолдасым келісер емес. Сотқа арыз тастасам да ол келер емес. мен оны қимасам да ажырасудың дұрыс шешім екенін білемін. Өйткені екеуміздің отбасымыздың болашағы жоқ, баламыз да болмайды. Негізі күйеуіме бауыр басып қалғаным болмаса, оны құлай сүйемін деп айта алмаймын",- дейді ашынған келіншек.

Жұбайынан ажырасуға рұқсат ала алмай жүрген әйелге алғашқы махаббаты да хабарласып жүр екен. Ол келіншектің ажырасқанынан бейхабар болыпты.

"Менің ажырасқанымды естіп, ол да үнсіз қалды.Өйткені оның да өз жарымен ажырасқанына жылдан асыпты. Енді ол тағдыр өзі тоғыстырды деп қайта қосылуға ұсыныс жасап жүр. Мені жақсы көретінін айтады. Шынымды айтсам, алғашқы сезімім қайта оянғандай. Оның дауысын естісем, бұрынғыдай жүрегім алып ұшады. Жолдасыммен бір шаңырақта сонша уақыт тұрсам да, ондай сағыныш жоқ.
Алғашқы махаббатым күнде кездесейік деп жалынады.Бірақ мен оған келіспей жүрмін.Онымен сөйлессем көңілім толады. Сондай салмақты жігіт, әр сөзін ойланып сөйлейді. Жолдасымның табысы жақсы болатын, ал мына жігіттің жоғары білімі жоқ. Оқымаса да саналы, салмақты сондай, өмірді көрген. Жастай ата-анасынан айрылған. Тұрақты жұмысы жоқ, бірақ пысық жігіт. Оны шынымен жүрегім сағынады",- дейді келіншек.

Ата-анасы да, өзі де басшылық қызметте істейтін әйел үйі жоқ,тұрақты жұмысы жоқ, дипломы жоқ, ағайын-туысқандары жоқ жігітпен қосылғаны дұрыс па, жоқ па білмей жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825206-belsiz-kjeuimen-azyraskan-jel-algasky-mahabbatyna-kosyludy-ojlap-zr/

pixel