Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хэллоуинде боянып алған қалаулымдық жұп желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасының арқасында көңіл жарастырып, кейін отбасын құрған Камила Әділхан мен Мағжан Аймаханов хэллоуин мерекесінде қызу талқыға түсті. Жас жұбайлар аталмыш мерекеге сай, беттерін бояп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде асқан белсенділік танытып жүрген ерлі-зайыптылар трендтен қалыспай, хэллоуинге таңдаған образдарын өз парақшаларында жазылушыларына көрсеткен.

Қорқынышты кейіпке енген жас жұбайлар желіде бірден қызу талқылаға түскен.

Желідегілердің бір бөлігі Камила мен Мағжанның әрекетін қолдаса, енді бірі керісінше хэллоуин мұсылмандарға жат нәрсе деп топшылап, ғашықтарды сынға алды.

"Күшті, бақытты болыңыздар" , "Бізге жат нәрсе ғой, қазақтар тойламайтын мереке" , "Мерекеде тұрған ештеңе жоқ. Бұл бар болғаны уақытша бояу ғой", "Хэллоуин мұсылмандардың мерекесі емес" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825185-hellouinde-boanyp-algan-kalaulymdyk-zp-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto-video/

pixel