Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік блогер ұлының атын Димаш деп қойды (видео)

Опубликовано:

YouTubе-тағы "Будда Гришна" арнасынан шаққан ресейлік танымал блогер жаңа туған ұлына Димаш есімін берді. 120 мыңнан астам оқырманы бар блогер қазақ есімін таңдауына не түрткі болғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Ер адамның сөзінше, ол мұндай шешімді хайп үшін қабылдамаған. Блогер ұлына Димаш есімін қоярдың алдында ұзақ ойланғанын да жасырмады.

Автор Димашты құрметтейтінін атап өтті. Ал бала дүниеге келгеннен кейін ол бала тәрбиесі жағынан өзінің аз да болса Светлана мен Қанат Айтбаевтарға ұқсағысы келетінін жеткізді.

"Баламның Димаш секілді жоғары адамгершілік қасиеттерге ие керемет жан болып өскенін қалаймын", - деді автор.

Оның сөзінше, о баста ол таңдауы жайлы ұзақ ойланыпты. Алайда қазір шешіміне өкінбейді екен.

Блогер қазақстандық әншінің күллі әлемге өзінің мейірімділігімен танылғанын сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болып, Иван Ургантқа шапан жапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825144-tanymal-resejlik-bloger-lyny-esimin-dimas-dep-atady-video/

pixel