Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің опасыздық жасағанын біліп қойған келіншекке қандай кеңес бересіз

Опубликовано:

Келіншек күйеуінің ұялы телефон арқылы басқа әйелмен сөйлесіп жүргенін біліп қойғанын сөз етті. Айтуынша, сатқындықтың ащы дәмін татқан ол ажырасуға арыз беруді ойлап жүр екен деп хабарлайды forum_kaz парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көренкі фото: pixabay.com
Көренкі фото: pixabay.com: UGC

Жұбайының басқа әйелмен сөйлесіп жүргенін білген келіншек енді ажырасу жайлы ойланып жүргенін алға тартты.

"Күйеуімнің ұялы телефонынан оның басқа әйелмен сөйлескенін біліп қойдым. Құшақтағым келеді деген сарындағы хаттар жазысқан.

Біздің 2 жастағы баламыз бар. Күйеуім ол келіншекпен арасында ештеңе болмағанын айтып, ақталуда. Сөзінше, ол бар жоғы көрші кеңседегі әріптесі екен.

Хаттарын оқып, олардың кездеспегенін аңғаруға болады. Сіздерден сұрағым келеді.
Ажырасуға арыз бергенім дұрыс па? Егер ол бір рет солай істесе, демек махаббат сөнді деген сөз бе? Қаржылық тұрғыдан қысым көрмей, өзіммен өзім тұра аламын. Баспанам бар", - деп жазды келіншек.

Тығырыққа тірелген кейіпкер көпшіліктен кеңес сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823177-kjeuini-opasyzdyk-zasaganyn-bilip-kojgan-kelinsekke-kandaj-kees-beresiz/

pixel