Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшаның ашылуы жалған сценарий болып шықты

Опубликовано:

Білім департаменті Есімовті қалай алдады немесе "Көкжиекте" балабақша қашан ашылады?

Бүгінде балабақша бас ауруына айналып отыр. Биыл Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Жетісу ауданына қарасты "Көкжиек" ықшамауданындағы 120 орынға арналған №169 балабақшаның ашылу салтанатына қатысып, тұсауын кескен еді.

Сол кезде әкімнің: "Алдағы екі жылда Алматыда балабақша мәселесі толығымен шешіледі", – деп, балабақшаға зәру болып жүргендердің үміттерін үкілегені тағы бар.

Оны қойшы, жаңа балабақшаның ашылуы жалған сценарий арқылы ұйымдастырылғаны, шыны керек, күтпеген жағдай болды. Нақтырақ айтсақ, әкімнің өзі ашқан балабақша, сөйтсек, әлі бос тұр. Сонда қалай болғаны? Білім департаменті кімді алдады? Балаларды ма, әлде әкімді ме?Осыдан біраз бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдері мен Үкімет мүшелері қатысқан индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша өткізілген мәжілісте:– Жаңа нысандардың тұсауын кесуге кейде менi де қатыстырасыздар, ал бұл нысанның бiр жылдан соң ғана iске қосылғаны кейiннен анықталып жатады. Бұл көзбояушылық пен профанация кiмге керек?!"– деген еді.Бұл ретте сенатор Қуаныш Сұлтанов та: "Мұндай көзбояушылықты қою керек. Әйтеуір, асығамыз да жүреміз. Уақытынан бұрын ашып аламыз да, олар сосын босқа тұрады. Мұ­ны тоқтату керек!" – деген-ді.Алайда бұл ауруға Алматыда тоқтау болмай тұр. Күні кеше ғана редакциямызға "Көк­жиек" ықшамауданының тұрғындарынан арыз келіп түсті.Нұрғиса МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, "Көкжиек" ықшамауданының тұрғыны:– "Көкжиектегі" ашылған балабақшаның жұмыс істеуін әлі күтіп жүрміз. Өйткені наурыз айының басында осы балабақшаны қала әкімінің өзі лентасын қиып, ашып кеткен болатын. Алайда оның барлығы көзбояушылық болып отыр. Балабақшаның ашылу салтанатына әкім келетін күні жергілікті білім басқармасындағы мамандар басқа балабақшадан екі автобус балаларды алып келді. Сөйтіп, шағын концерт өткізіп, балалар қазақша көйлек киіп, би билеп, өнерлерін көрсетті.

Балабақшаның ашылу салтанатына әкім келетін күні жергілікті білім басқармасындағы мамандар басқа балабақшадан екі автобус балаларды алып келді. Сөйтіп, шағын концерт өткізіп, балалар қазақша көйлек киіп, би билеп, өнерлерін көрсетті.

Әкім де: "жақсы екен, құтты болсын!" деп жатты. Тіпті бұл шараға бір топ журналистер қатысып, "Көкжиектен" жаңа балабақша бой көтерді" деп жариялап жіберді. Бірақ оның барлығы өтірік. Шын мәнінде, балабақша жұмыс істеп тұрған жоқ.

Сонда білдей бір қала әкімінің ашқан балабақшасы қайда? Біз балаларымызды балабақшаға орналастырайық десек, аудандық білім басқармасындағылар: "Балабақша әлі ашылған жоқ. Сіз құжаттарыңызды тапсырыңыз, барлығы бізде болсын, кейін ашылғанда сізге хабарлайтын боламыз" дейді. Сонда білдей бір қала әкімінің ашқан балабақшасы қайда?

Одан кейін олар: "Балабақшаға кімдердің алғашқы кезекте тұрғаны арнайы сайтымызда көрсетіліп отырады" деді. Бірақ сайтты ашып қарасақ, онда нақты №169 балабақша туралы бірде-бір мәлімет жоқ. Сонда біз кімге сенеміз? Бір сөзбен айтқанда, "Көкжиектегі" №169 балабақша қазіргі күні балаларды қабылдауға дайын емес. Ішінде ойыншық, жиһаздарының барлығы болғанымен, тамақ ішетін асхана жоқ.

Балабақшаға кімдердің алғашқы кезекте тұрғаны арнайы сайтымызда көрсетіліп отырады" деді. Бірақ сайтты ашып қарасақ, онда нақты №169 балабақша туралы бірде-бір мәлімет жоқ. Сонда біз кімге сенеміз?

Осы балабақша ашылады деп, ауылға жіберген баламызды алдырып едік. Бірақ балабақша іске қосылмай, баламызды қайда қалдырарымызды білмей, қиналып отырмыз. Өйткені жолдасымыз екеуміз де жұмыс істейміз. Сонда балабақша басшылығы ата-аналарды да, әкімді де алдаған ба?"Осы мәселеге байланысты біз Алматы қалалық Білім департаменті мектепке дейінгі тәрбие мен интернат мекемелері бөлімінің бастығы Людмила ТӨЛЕШОВАМЕН хабарласқан едік, ол былай деді:—"Көкжиектегі" балабақша таяу арада ашылады. Қазір жергілікті тұрғындар балаларының тиісті құжаттарын аудандық білім бөліміне өткізіп, балабақшаға қабылдау жүріп жатыр. Асхана да ашылып, балалардың тамақтануына жағдай жасалуда.

Енді наурыз айының басында әкім өзі келіп ашқанда, оның құрылысы толық аяқталмаған болатын. Жаңа балабақшаны тиісті органдар тексеріп, қоры­тындыларын шығарды. Енді қалалық әкімдік қол қойып, қаулы шығарып отыр. Жақын арада балабақша толық іске қосылатын болады".

Біз сондай-ақ Жетісу аудандық білім бөліміндегілердің уәждерін білмек болған едік, ондағы мамандар бұл туралы қандай да бір мәлімет беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Біз сондай-ақ Жетісу аудандық білім бөліміндегілердің уәждерін білмек болған едік, ондағы мамандар бұл туралы қандай да бір мәлімет беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бұл жердегі басты мәселе, жергілікті білім департаменті неге жұртшылықты соншалықты әуреге салып отыр?

Сонда білім басқармасының мамандары Есімовті алдағанда не пайда тапты? Екі автобус баланы алып келіп, жалған сценарий ұйымдастырған қаншалықты орынды?

Оның үстіне ғимараттың бой көтеруіне бюджеттен миллиондаған қаржы бөлінгеннен кейін, оның қаншалықты жұмыс істеп отырғанын қалалық әкімдік қадағалап отыруы тиіс емес пе? Осы сынды сауалдарға тиісті орындар жауап берер деп күтеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/182224-almatyda-balabakshanyn-ashyluy-zhalgan-sczenarij-bolyp-shykty/

pixel