Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тайвандағы көпірдің құлаған қорқынышты сәті камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Тайвандағы балықшылар ауылында үлкен көпір опырылып құлады. Оқиға салдарынан кем дегенде 14 адам зардап шекті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Facebook

Құтқару қызметі тағы алты адамды іздестіруде.

Тайванның шығысындағы Илань уезінде көпір опырылып, балықшылардың қайықтарын суға батырды. Сол сәтте оның үстімен бензовоз өтіп бара жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, көлік көпірмен бірге құлап, өртеніп кеткен. Жан түршігерлік апат бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жүр. Кем дегенде 14 адамның зардап шеккені хабарланды. Алайда, апаттың себептері мен нақты қанша адам құрбан болғаны әзірге белгісіз.

Билік өкілдерінің айтуынша, "Митаг" тайфуны жүріп өтіп, содан бірнеше сағат өткеннен кейін көпір құлаған. Алайда, олар "көпірдің конструкциясы дәл сол дауылдың әсерінен әлсіреген" деген асығыс шешім шығармайтындарын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819869-tajvandagy-kpirdi-klagan-korkynysty-sti-kameraga-tsip-kaldy/

pixel