Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Зеленский мен әйелі Том Крузбен кездесті (фото)

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский әйелі Еленамен бірге голливудтық актер Том Крузбен кездесті. Әлемдік жұлдызбен түскен сурет ерлі-зайыптылардың Instagram парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының сөзінше, ол Киевте актер, режиссер, бір сөзбен айтқанда талантты адамды көргеніне қатты қуанған.

Зеленскийдің түсіндіруінше, Том Круз Украинаға мемлекет басшысының шақыртуы арқылы келген.

"Жақында парламент қабылдаған шетелдік киноөндірушілерге өтемақы төлеу туралы заң әлемдік кино үшін Украинаның есігін ашады деп үміттенемін. Бұл миссия орындалатынына сенімдімін!", - деп жазды президент.

Өз кезегінде Украинаның бірінші ханымы да актерге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819840-vladimir-zelenskij-men-jeli-tom-kruzben-kezdesti-foto/

pixel