Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмеден қашқан тұтқын 17 жыл бойы үңгірде жасырынып келген

Опубликовано:

Қытай түрмесінен қашып кеткен тұтқын құқық қорғау органдарынан жасырынып, 17 жыл бойы үңгірде өмір сүріп келген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ол – бұрынғы полиция қызметкері Сун Цзян. Әйелдер мен балалар саудасымен айналысқаны үшін жазаға кесілген. Алайда, ол 2002 жылы түзету мекемесінен қашып кеткен. Содан бері өзінің туған қаласына жақын жердегі таулы аймақта үңгірді паналап келген.

Тұтқынды табуға ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарының көмегі тиді. Полицейлер төбеден түсірілген суреттерден үңгірдің үстіндегі көк түсті шатырды байқап қалған. Сондай-ақ соған жақын маңда қоқыс тасталғанын көрген.

Полиция көп ұзамай қашқынды сол үңгірден тапты. Олардың айтуынша, Сун Цзян ол жерде жападан-жалғыз ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келген.

Құқық қорғаушылар ер адамды қайтадан түзету мекемесіне жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819757-trmeden-kaskan-ttkyn-17-zyl-bojy-girde-zasyrynyp-kelgen/

pixel