Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақытында айтамыз": Айқын Жұлдыздың үйлену тойы туралы мәлімдемесіне жауап берді

Опубликовано:

Белгілі әнші Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалидың үйлену той келесі жылы болуы мүмкін деген мәлімдемесіне жауап қайырды. Бұл туралы НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жақында "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Айқынмен тойларының болуы мүмкін екенін айтқан еді.

"Біз той жасамаған болатынбыз. Бірақ, жоспарда бар. Келесі жылы болып қалуы да мүмкін" , - деді ол.

Жұбайының бұл сөзіне байланысты Айқын да өз жауабын берді.

"Кино шықсын, сосын оны көре жатармыз. Әзірге оны айтудың қажеті жоқ. Бәрі порционно ғой, бәрін айтып тастасақ қызығы кетіп қалады. Керек уақытында айтамыз", - деді ол.

Әнші алғаш рет кино түсіргелі жатқанын, қаржысының басым бөлігін сонда жұмсайтынын да жасырмады.

"Барша қазақстандық қыздар мен әйелдердің, аналардың, апалардың құрметіне 8-ші наурыз туралы кино түсіремін. Ол комедия болады. Сондай бір "приключенский комедия-боевик" болады", - деді өнер иесі.

Айқын киносына жары Жұлдыз бір рөлді сомдамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819685-uakytynda-ajtamyz-ajkyn-zldyzdy-jlenu-tojy-turaly-mlimdemesine-zauap-berdi/

pixel