Головкиннің бұрынғы қарсыласы әйелін ұрғаны үшін қамауға алынды
Опубликовано:
Генадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы армян текті америкалық боксшы Ванес Мартиросян қамауға алынды. Спортшы әйелімен жанжалдасып, оны соққыға жыққан деп жазады Газета.ру-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, боксшы 15 қыркүйекте әйелімен ұрысып қалған.
Алайда сөзге келу жай аяқталмады. Жанжал кезінде спортшы жүбайының бетінен ұрып, мұрнын сындырған.
Кейінірек спортшыға "Тұрмыстық зорлық-зомбылық" бабы бойынша айып тағылып, ол сол күні түрмеден босатылған.
Ол үшін 50 мың доллар көлемінде кепіл енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819672-golovkinni-bryngy-karsylasy-jelin-rgany-sin-kamauga-alyndy/