Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолсерік бойжеткен жолдағы қызықты оқиғаларды айтты

Опубликовано:

"Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызының жолсерігі Томирис Байғалиеваның бұл қызметте жүргеніне үш жылға жуықтады. Осы аралықта үлкен тәжірибе жинап үлгерген ол өз ісінің нағыз маманына айналған. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Томирис бойжеткендердің жолсерік болуына қатысты пікірін білдіріп, аталған пойыздағы атышулы оқиғадан кейінгі жағдайдың қалай екенін айтты.

Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан
Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан: Original

Томиристің сөзінше, жолсерік мамандығын таңдауына кішкентай кезінен форма киген апай-ағайлар қызыққаным әсер еткен екен.

"Үстіме әдемі форма киіп, халыққа қызмет етуді бала күнімнен армандайтынмын. Кейін теміржол саласында білім алып, жұмыс іздедім. "Тұлпар-Тальго" пойызына жолсерік атану үшін резюме қалдырған едім. Елордаға келіп тест тапсырып, сынақтан сүрінбей өттім. Міне, содан бері осы бір қызық әрі жауапкерішілігі мол қызметті атқарып жүрмін", - дейді ол.
Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан
Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан: Original

Томирис негізінен "люкс" санатындағы вагондарда қызмет етеді.

"Люкс" санатындағы вагондардың билеті біршама қымбатырақ келеді. Бұл вагондарда жолаушыларға тегін тамақ беріледі. Қою және сұйық тамақтан бөлек, салат және сусындар қарастырылған. Одан бөлек, әрбір жолаушы өзімен бірге тамақ алатыны тағы бар. Жалпы, біздің пойыздағы мейрамхана тамағы өте дәмді және бағасы да қолжетімді", - дейді жолсерік ару.
Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан
Томирис Байғалиева. Фото: Бойжеткеннің жеке мұрағатынан: Original

Бойжеткен жолда жүргеннің тым қызық екенін әрі түрлі оқиғаларға тап болатынын да жасырмады.

"Түрлі адамдармен сапарлас болып, түрлі қалалармен танысу маған ұнайды. Қыз бала үшін мұндай жұмыс қиын ғой деп айтатындар да бар. Дегенмен, барлығы адамның өзіне байланысты. Мен әр жолаушыға өзімді таныстырып, пойыздағы ереже-шарттарды түсіндіремін. Ережеге бағынбайтындарға тиісті шаралар қолданылады. Мен үшін бұл қызмет үлкен мәртебе.
Жолаушылардың діттеген жеріне жетуіне бар жағдайды жасап, кейін олардан алғыс алу да бір ғанибет. Пойызға мінген адамдардың бәрі бірдей емес, әрине. Бәріне бірдей жағу да қиын", - дейді Томирис.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819664-luks-vagonga-kaltalylar-minedi-zolserik-kyz-talgodagy-erekselikterdi-tizip-berdi/

pixel