Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екінші дәрігер де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді

Опубликовано:

Алматы полиция департаменті бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен кейін қамалған №4 клиникалық аурухананың дәрігер-анестезиологы Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Асқар Тұңғышбаев. Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы: UGC
"Дәрігер-анестезиолог Асқар Тұңғышбаев та ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді", - деді ведомствода.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы №4 клиникалық аурухананың қос дәрігері Қанат Тезекбаев пен Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалуына қатысты тың деректер шықты.

Бас дәрігердің әйелі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істің әділ тергелмеуінен қауіптеніп, өз бақылауына алуын өтінді. Нью-Йоркте жүрген президент бұл іске қатысты пікір білдірді.

Дәрігерлер қауымдастығы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан әріптестеріне араша түсуді сұрап, хат жолдады.

Кейіннен Қанат Тезекбаевтың ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1818848-almatyda-ekinsi-driger-de-eskajda-ketpeu-turaly-kolhatpen-ziberildi/

pixel