Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы жарылыс: Тағы бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Зардап шеккен 38 жастағы ер азамат аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: instagram.com/kris.p.almaty
Фото: instagram.com/kris.p.almaty: Getty Images

Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова айтты.

Оның сөзінше, өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 1981 жылғы ер адам 31 тамыз күні сағат 20:20-да аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Сондай-ақ, 1984 жылғы тағы бір науқас травматология бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылғаны белгілі болды.

Ведомство өкілі науқастың жағдайы өте ауыр екенін, бірақ есін білетінін алға тартты.

Ләйлім Әубәкірованың айтуынша, 31 тамызда аяғына ота жасалған.

Жағдайы өте ауыр. Бірақ есін біледі. Кеше аяғына ота жасалды

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысындағы цехте жарылыс болып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813895-almaty-oblysyndagy-zarylys-tagy-bir-adam-kaza-tapty/

pixel