Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Бозымбаевтың мектеп кезіндегі суреттері пайда болды

Опубликовано:

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматыдағы №83 мектеп-гимназиясында Білім күніне орайластырылған мерекелік шараларға қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оған қоса, ол саясаткердің мектеп кезіндегі суреттерін желіде жариялады.

Жеңісбек министр өз ұстаздарымен кездесіп, барша мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтап қайтқанын айтты. Сонымен қатар, Бозымбаев оқушылармен де тілдесіп үлгерді.

"Мектеп бітіргенімізге қанша жыл өтсе де, қанша есейіп азамат болсақ та, осы мектеп біздің ең алғашқы алтын ұямыз секілді ыстық көрініп тұрады" , - деді Бозымбаев.

Айта кетейік, минитср 83 мектепті 1986 жылы бітірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813868-zelide-bozymbaevty-mektep-kezindegi-suretteri-pajda-boldy/

pixel