Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері "Астанамен" болатын матч туралы ойын айтты

Опубликовано:

"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер Еуропа Лигасының топтық кезеңінің жеребе нәтижесіне қатысты ойын ортаға салып, алдағы уақыттағы Қазақстанға жасайтын сапары жайлы пікір білдірді. Англиялық клуб аталмыш футбол турнирі аясында елордалық "Астанамен" кездесіп, үздікті анықтайды. Жаттықт ырушы маманның бұған қатысты берген сұхбаты клубтың ресми сайтында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Уле-Гуннар Сульшер. Фото: manutd.com
Фото: Уле-Гуннар Сульшер. Фото: manutd.com: Depositphotos

Сульшер футболдағы жеребе үрдісі үнемі күтпеген тосын сыйлар жасап тұратынын мойындады. Бұл жолы ол өзі үшін бірнеше команданы жақыннан танып көрмек.

"Жеребе не сыйлайтынын алдын ала біле алмайсың. Мына тұрған Шотландияға немесе Қазақстаннан бір-ақ шығуың мүмкін" , - деді МЮ бапкері.

Оған қоса, Сульшер шотландиялық құраманың футболшысы Скотт Мактоминимен сөйлесіп үлгерген. Аталмыш футболшы өз командасымен Қазақстанда болған. Маман аяқдопшыдан Нұр-Сұлтан қаласындағы алаңдағы жасанды шөп жайлы және команда ол жерге дейін ұзақ ұшатынын түсіндіріп берген.

"Бұл жаңа тәжірибе болады" , - деді МЮ бапкері.

Сонымен қатар, Сульшер юиыл МЮ Еуропа Лигасының жеңімпазы болуды көздеп отырғанын айтты.

Айта кетейік, турнир аясындағы "Астана" мен "Манчестер Юнайтедтің" бірінші кездесуі 19 қыркүйек Англияда, жауапты ойын Нұр-Сұлтанда 28 қараша күні өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1813850-mancester-unajtedti-bas-bapkeri-astanamen-bolatyn-matc-turaly-ojyn-ajtty/

pixel