Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"45 жас": Жұбайымен жас айырмашылығы үлкен жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Махаббаттың жас талғамайтынын отандық шоу-бизнес өкілдері күні бүгінге дейін дәлелдеп келеді. Күні кеше шаңырақ көтерген Нұрғали Нүсіпжанов келіншегінен 45 жасқа үлкен болса, Асанәлі Әшімов пен жұбайы Бағдаттың арасы - 34 жас. KAZ.NUR.KZ таңдаған жұбымен жас айырмашылығы үлкен жұлдыздар тізімін ұсынады.

Әшімов, Нүсіпжанов, Айқын, Бүркіт, Сәдуақасова. Фото Әншілердің жеке парақшасынан, желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Әшімов, Нүсіпжанов, Айқын, Бүркіт, Сәдуақасова. Фото Әншілердің жеке парақшасынан, желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өзінен әлдеқайда жас жанды жар етіп алғандар мен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққандар арасында Асанәлі Әшімов пен Айқын Төлепберген, Еркін Нұржанов пен Бүркіт, Дәурен Айдарқұлов, Гүлнұр Оразымбетова мен Мәдина Сәдуақасова бар.

Бұл тізімді күні кеше 82 жасқа келген Нұрғали Нүсіпжанов толықтырды.

Нұрғали Нүсіпжанов, Жадыра Сейдеш. Фото: "Алматы" арнасынан
Нұрғали Нүсіпжанов, Жадыра Сейдеш. Фото: "Алматы" арнасынан: Instagram

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов пен тележүргізуші Жадыра Сейдештің шаңырақ көтергендері жайлы ақпарат күні кеше желіде тарап кетті. Жас жұбайлардың арасы - 45 жас.

Асанәлі Әшімов пен жұбайы Бағдат Әшімова. Жас айырмашылығы - 34 жас.

Халық әртісі үш бірдей жақынынан айырылып, 2013 ауруханаға түсіп қалған.

Осы уақытта актер қазіргі жұбайы Бағдат Әшімовамен танысады.

Бүгінде олардың Асанәлі есімді ұлдары бар.

Еркін Нұржанов пен жұбайы Динара. Жас айырмашылығы - 14 жас.

"Жігіттер" тобының бұрынғы солисі Еркін Нұржанов алғаш рет 2011 жылы шаңырақ көтерді. Әншінің жүрегін жаулаған сұлудың аты — Аягөз еді.

"Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?", - деп оған ән де арнаған болатын. Алайда жұбайлардың дәм-тұзы жараспай ажырасып кетті.

Бұдан кейін эстрада жұлдызы араға үш жыл салып тағы үйленді. Сүйіктісі — өзінен 14 жас кіші Динара есімді Тараз қаласының тумасы.

Әнші үйлену тойын Шымкент қаласында дүркіретіп өткізіп, барша өнердегі жора-жолдастарының басын қосты. Бүгінде олар үш баланы тәрбиелеп отыр.

Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша. Жас айырмашылығы - 12 жас

Ең алғашында әнші жігіт Аишаға ғашық болып сезімін білдірген. Алайда бойжеткен Бүркіттің кездесетін қызының бар екенін біліп, ұсынысын біраз уақыт қабылдамаған. Бұл жайында Аиша "Ұят емес" бағдарламасында айтып берген еді.

Ал бүгінде жұлдызды жұптың екі ұл мен бір қызы бар.

Мәдина Сәдуақасова мен күйеуі Олжас. Жас айырмашылығы - 7 жас.

Әнші бірінші жолдасымен бір жарым жыл уақыт бірге тұрып, 2008 жылы ресми түрде ажырасып кеткен. Көпшілік оның алғашқы жұбайының кім екенін білмесе де, бұрын отбасылы болғанынан хабардар.

Екінші рет Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы екінші ақпанда тұрмысқа шығып, Алматы қаласындағы мейрамханаларының бірінде той жасады.

Әнші қазіргі жолдасымен 2009 жылдан бері таныс болса да, 2013 жылдан бастап кездесе бастаған.

Өнер иесінің айтуынша, олардың арасындағы 7 жас айырмашылық екеуіне еш кедергі келтірмейді. Бүгінде олардың Әнуар есімді ұлы бар.

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет. Жас айырмашылығы - 14 жас.

"Кешьюдің" бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбеттің күйеуі өзінен 14 жас үлкен.

"Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде басталған махаббат хикаясы бойжеткеннің отбасылы адамға тұрмысқа шығуымен аяқталған еді.

Үш баласы бар актер бірінші әйелінен ажырасып, бүгінде Ақботамен заңды некеге тұрған. Олар бүгінде бір ұл, бір қыздың ата-анасы атанып үлгерді.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали. Жас айырмашылығы - 13 жас.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Айқынның Жұлдыз Өмірғалиді үйінен көтеріп алып бара жатқан видеосы желіге таралып кетті.

Алғашында жұртты "фильмнің түсірілімі" деп алдаған әнші 2018 жылдың соңында екінші рет отау құрғанын растады.

Айқын алғашқы жары Әсел мен балаларын да асырап отырғанын айтты. Ал бүгінде әнші Жұлдыз Өмірғалимен бірге.

Бүгінгі таңда жұлдызды жұптың бір ұл, бір қызы бар.

Гүлнұр Оразымбетова мен Серікбай Нұрғисаев. Жас айырмашылығы - 21 жас

Оразымбетова. Фото: kyn.kz
Оразымбетова. Фото: kyn.kz: Instagram

Отандық әнші Гүлнұр Оразымбетова отандық бағдарламалардың бірінде өзінен 21 жас үлкен азаматқа қалай ғашық болғанын айтып берген болатын.

Әнші мен жұбайы бүгінде екі ұлдың ата-анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813420-45-zas-zbajymen-zas-ajyrmasylygy-lken-zldyzdar-kimder/

pixel