Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 тамыздан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер орын алады?

Опубликовано:

Жаздың соңғы айы қазақстандықтар үшін бірқатар жаңашылдық әкелмек. Елімізде коммерциялық банктер активінің сапасы тексеріліп, дәрігерлер қызметіне қатысты өзгерістер орын алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов: UGC

Банк секторы

Ұлттық банк бірінші тамыздан бастап еліміздің банк секторы активінің сапасын бағалайды.

Бұл шараның арқасында негізгі банктердің қаржылық жағдайы туралы ақпарат қолжетімді бола түспек. Бұл дегеніміз, барша банк жүйесінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Ұлттық банк мұндай қадам инвесторлар мен салымшылардың сенімін арттырады деп есептейді.

Дәрігерлер қызметі

Осы жылдың бірінші тамызында сертификат мерзімі өтіп кеткен дәрігерлер үшін денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат жүйесі автоматты түрде бұғатталмақ. Яғни, дәрігер жұмыстан шеттетіледі.

Министрлік маусым айында бес өңірде жалған сертификатпен жұмыс істеп жүрген 28 қызметкерді ұстаған.

Арыс мәселесі

Тамыздың бірінші күні Арыс қаласындағы үйлерді жөндеу жұмыстары аяқталу керек.

Ал толықтай қирап қалған үйлерді қайта жаңадан салу 15 тамызға дейін созылмақ.

Сирия келіссөздері

Бірінші тамыз күні елордада "Астана процесі" аясында Сирия қақтығысына байланысты 13-ші жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтеді деп жоспарланған.

Шараға БҰҰ жанындағы САР тұрақты өкілі Башар аль-Джаафари бастаған Сирияның үкіметтік делегациясы мен Ахмад аль-Тоума бастаған қарулы оппозиция өкілдері қатыспақ.

Ресей делегациясын Сирия жөніндегі президенттің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келеді. Түркия тарапынан елдің сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Седат Онал қатысады.

Ираннан сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджи бастаған делегация болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808788-1-tamyzdan-bastap-kazakstanda-kandaj-zgerister-oryn-alady/

pixel