KZ

Астанадағы емдеу мекемелерінде ашық есік күні өтті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Елорданың 10-нан астам емдеу мекемесінде ашық есік күні өтті.

Таңғы сағат 10-нан бастап, кешкі 4-ке дейін Астана тұрғындары мемлекеттік емханаларына барып қаралды.

Нәрестелер "1-ші қалалық перзентханада" медициналық тексеруден өтті.

Әсіресе сәбилердің есту қабілеті жаңа құрылғымен қаралады. Халида Шәріпова - №1 қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары "Әрбір ата-ана өзінің баласының дұрыс естіп, көргенін жақсы көреді.

Сондықтан аудиометрия өткізгенге қуанады.

Аудиометрия өткізгеннен кейін анасына айтамыз сіздің балаңыз естиді деп, ертерек диагноз қойылса шара қабылдаймыз". Ақ халаттылардың айтуынша, әзірге есту қабілеті нашар нәрестелер анықталған жоқ.

Медициналық тексеруден өткен балалардың барлығының денсаулығы жақсы болып шықты.

Новости Казахстана
Астанадағы емдеу мекемелерінде ашық есік күні өтті
Mailfire view pixel