KZ
Кейбір партиялар кикілжің тудыруы мүмкін

Кейбір партиялар кикілжің тудыруы мүмкін

Расcказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бақылаушылары миссиясының басшысымен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Кейбір партиялар сайлау комиссиясына қатысу үшін өз өкілдерін енді ғана ұсына бастады. Ал заң бойынша олардың құқық қорғау органдарында есепте тұрмағандығын, тіркелген тұрғылықты мекенжайына қатысты ақпарат жинау қажет.

Бұған бірталай уақыт керек. Сондықтан сайлау комиссиясы ертең партия өкілдерін тіркеумен айналысатын бас прокуратура, басқа да органдардан қорытынды алып үлгермей, кейін олар тізімге енбей қалуы әбден мүмкін деп отыр.

Ал ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев өз кезегінде сайлау алды шаралардан өрескел кемшілік байқамағанын жеткізді. Сергей Лебедев - ТМД байқаушылар миссиясының басшысы"Біз үш апта бойы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын, барлық шаралардың өтуін бақылап, оң баға беріп отырмыз. Әрине, кемшіліктер бар, жоқ емес. Көбінесе техникалық жағынан. Оның өзінде олардың бірде-бірі не кандидаттың, не сайлаушының құқын шектемейді". Кезектен тыс сайлауды ТМД-дан 426 байқаушы қадағалайды. Ал миссияның басшысы Сергей Лебедевтің өзі Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерін араламақ.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel