KZ
Ауыл тұрғындарына қасқыр шапты

Ауыл тұрғындарына қасқыр шапты

Расcказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысы Ілбішін ауылында оқыс оқиға болды.

Ауыл тұрғындарына қасқыр шауып, екі бірдей ер азаматты талап тастаған. Қазір зардап шеккендер аудандық ауруханада жатыр.

Түз тағысы бірінің саусағын жұлып ала жаздапты. Екінші адамның беті, қолы мен аяғы қатты жарақаттанған. Ол бұл ауылға қонақ болып келген екен.

Тимур Беркенов - зардап шегуші

"Шылым шегуге шыққанмын. Бір кезде қасқыр келіп жабысты. Ерінімді жұлып ала жаздады. Аяғымды тістеді. Арпалысып кеттім.

Сол кезде бажам келіп көмектесті". Ауыл тұрғындары көмекке келмегенде бұл азаматтардың аман қалуы екі талай еді дейді дәрігерлер.

Соңғы уақытта Батыс қазақстанда қасқырдан төнген қауіп сейілмей тұр.

Осыдан бір апта бұрын осы ауылдың тұрғынына көкбөрі шапқан.

Бұған дейін Жаңабұлақ ауылының 4 азаматына да қасқыр шауып, олар әрең аман қалған болатын.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel