Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі

Опубликовано:

NUR.KZ IT-компаниясының HR-директоры Мария Карчевская қазақстандық нарықта табысты бизнес құру үшін негізгі критерийларды атады.

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі
Мария Карчевская: Getty Images

1. Компанияның басты құндылығы - адамдар

Компанияның басты процестерінің бірі қызметкерлерді іріктеу және жалдау болып табылады. Біздің компания лауазымға тағайындау алдында үміткерді көп кезеңді іріктеуден өткізеді, кейін оның бейімделу үрдісі басталады.

Бізге жаңадан келген маман бірінші күні компанияның барлық бөлімдерімен танысады. Сондай-ақ біз "жаңа қызметкердің жаднамасын" ұсынамыз, онда жаңа компанияға тез үйренісу үшін барлық қажетті ақпарат бар. Біз осы екі процеске көп уақыт пен күш жұмсаймыз, өйткені қызметкерді жалдаудағы қателік және бейімдеу кезеңінде оны қолдаудың аздығы, жаңа қызметкердің жұмыстан босауымен аяқталатынын түсінеміз, ал бұл бизнеске өте қымбатқа соғады.

Rabotanur.kz қосымшасымен жұмысқа орналасу оп-оңай>>

2. Мансаптық өсу мүмкіндіктері

Біздің компанияда бөлімдер мен департаменттердің барлық басшылары бір кездері желілік позицияға келіп, компаниямен бірге өсті.

Ай сайын бізде барлық ұжымның жиналысы өтеді, онда қандай да бір қызметкердің мансаптық өсуі туралы жиі естуге болады.

Жаңадан келгендер үшін бұл үлкен рөл атқарады, өйткені олар "бізде мансаптық өсу мүмкіншілігі бар" - деген жалпы фразаны естіп қана қоймай, әріптестерінің мансаптық өсуін өз көздерімен көреді.

Адам өз ісінде максимумға қол жеткізіп және оған енді өзгерістер қажет болатын жағдайлар болады. Күшті қызметкерлерді біз компаниямыздан жай ғана жібере салмаймыз. Әдетте біз ол компания аясында дамуды жалғастыру үшін басқа жобада лайықты позиция табуға тырысамыз.

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі
Мария Карчевская: Getty Images

3. Қызметкерлердің дамуы - бизнес үшін ілгерілеу

Біздің қызметкерлеріміз өз жұмыс істейтін салада жоғары сараптамаға ие. Көптеген бөлімдерде бір жерде жиналған оқыту бағдарламалары немесе басқа сөзбен айтқанда "білім базасы" әзірленген.

Біз қызметкерлердің жұмыспен, дамумен немесе оқылған кітаптармен байланысты тақырыптарға шағын-презентациялармен сөз сөйлеу тәжірибесін ұйымдастырдық. Бұл іс-шараларды "баяндамалар" деп атаймыз. Баяндамалар кез келген адам өз ой-өрісін кеңейтіп, басқа бөлімдердің жұмысы туралы жаңа нәрсе білу үшін дамытушы сипатқа ие. Баяндамалардың арқасында көптеген қызметкерлер нарықта пайда болатын барлық трендтер мен жаңалықтарды біледі.

Бізде екі кітапхана бар: электронды және қағаз нұқасында. Олардың негізгі құрамдас бөлігі - іскерлік әдебиет. Кітаптар үнемі толықтырылып отырады және компания қызметкерлерінің сұрауы бойынша сатып алынады.

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі
Мария Карчевская: Getty Images

4. Қолайлы іскерлік ахуал жасау

Кез келген қызмет саласында даулы жағдайлар туындайды. Олар бізде қалай реттеледі? Біз компаниядағы жұмысқа қанағаттанушылыққа байланысты үнемі сауалнама жүргіземіз, онда проблемалы аймақтарды анықтаймыз. Сондай-ақ, peer review үрдісі бар, онда қызметкермен өзара әрекет жасайтын әріптестер анонимді түрде кері байланыс бере алады.

Қызметкердің жанжалды мінез-құлқын perfomance review процедурасында онымен жеке талқылаймыз.

Бірдеңені түбегейлі өзгерту қажеттілігі әрдайым туындамайды, көбінесе қызметкермен жай ғана сөйлесу керек және мәселенің шешімі бірден туындамайды, және мәселе бірден жойылмайды. Мен өзім соған сенемін және әрдайым былай деп айтамын: бізде жаман адамдар жоқ, жай ғана жағдайды түсініп, жанжалдың себептерін анықтау керек.

Қандай өткір жағдайлар болса да, адамдармен адами қарым-қатынас жасау керек. Біз әрдайым бізбен бірге жұмыс істеуге және дамуға ниет білдірген адамдарға қолдау көрсетеміз

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі
Мария Карчевская: Getty Images

NUR.KZ басқа компаниялардан айырмашылығы мынада: біз уақытымызды түсіндіру жұмыстарына, тәртіптік жазалар мен сөгіске жұмсамаймыз. Себебі осы аспектілердегі проблемалар әңгімелесу кезеңдерінде жойылды. Қызметкерлер уақытты өздері реттейді және өз жұмысына жауапты. Біз даудың басталуына жол бермейміз және қатты дауыспен сөйлеспейміз. Сондықтан да кеңседе қолайлы атмосфера.

5. Жұмыс жасауға жайлы жағдай

Бізде орнатылған дресс-код жоқ, негізгі принцип - бұл ақылдылық. Егер сату менеджері клиентпен кездесу өткізсе, ол қалай көрінуі керек екенін өзі түсінеді.

Көп қызметкерлердің жұмыс кестесі әртүрлі. Әрине, өйткені бізде әртүрлі департаменттер бар, мысалы, редакция, олардың жұмыс кестесі тәулік бойы ауысып отырады. Басқа бөлімдердің қызметкерлері өзіне ыңғайлы кестені таңдай алады: 8: 00-ден 17: 00-ге дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін немесе 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Бұған дейін - "біз қалай жұмыс істейміз: NUR.KZ IT-компаниясының штаб-пәтері бойынша гид" - атауымен біздің жұмыс орнымыз туралы материал шыққан болатын. Open-space пішімінің алаңы өз артықшылықтарына ие екенін айта аламын. Біріншіден, бәрі айқын. Сен кім және немен айналысатынын көресің. Екіншіден, қызметкерлер арасында коммуникацияда проблемалар туындамайды.

NUR.KZ IT-компаниясының табыс мәдениетін құрудағы 5 ережесі
Мария Карчевская: Getty Images

Кеңседе шағын теннис бар, спортпен шұғылданғанды сүйетін қызметкерлеріміз сол жерде ойнауға жиі жиналады. Кейбіреулер тамаққа тапсырыс береді және ас үйде уақыт өткізеді, басқалары бос уақытын кітап оқуға арнай алады. Бізде барлық қызметкерлердің мүдделерін түйістіріп, бір-біріне байлап қою деген мақсат жоқ. Біз тек қызметкерлеріміздің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасаймыз.

Компанияда 3 айдан астам уақыт жұмыс істеген қызметкерлерге фитнес-орталықтар мен бассейндерге абонементтер, концерттерге билеттер мен фильмдер көрсетіліміне билеттер ұсынамыз. Осының арқасында біздің командамыздың көп бөлігі үнемі фитнеспен айналысады және денсаулығына күтім жасап, сымбатты болып қала береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1803804-nurkz-it-kompaniasyny-tabys-mdenietin-krudagy-5-erezesi/

pixel