KZ
Мемлекет үшін басты орында адам ресурстары тұруы қажет

Мемлекет үшін басты орында адам ресурстары тұруы қажет

Расcказать Вконтакте

Мемлекет үшін жер асты ресурстары емес басты орында адам ресурстары тұруы қажет.

Өткенімізге ой жүгіртіп, бүгінімізді саралайтын болсақ қызық үрдіске тап боламыз.

Кеңес Одағы кезінде атеизмді оқытып дін апиын деуші еді, ал бүгінгі таңда барлық діндерге есігімізді де, ой-сана жүрегімізді де ашып салдық.

Кеңес Одағында ұлтшылдар жау саналатын еді, ал қазір ұлтшылдарға зармыз.

Дін мәселесіне келгенде сол тұста жүргізілген саясат бәлкім дұрыс та болған шығар. Өйткені қазіргі жүргізілген саясаттың арқасында дін проблемасы өршіп те кетті.

Дұрыс пен бұрыстың байыбына бару да қиын болып қалды. Ақты ақ деп қараны қара деп ажыратып беріңізші?- Кеңес Одағы тұсында материализм мен атеизмге негізделген низамда өмір сүрдік. Қазір біз 20 жылдан кейін, шегініс жасап, сол бұрынғы қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктерін сарапқа салу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Бүкіл жер бетін дүркіретіп, дірілдеткен қылышынан қан тамған, әлемдегі супер күш "Қызыл империя" құлағаннан соң көбіне оның кемшін тұстары, әкелген апаттары, зияндары тілге тиек етілді. Бұғаудан шыққан жұрт темір перденің артындағы былықтарды паш етіп, еркіндіктің де лебімен тарқаған Одаққа қарсы насихат көбейді. Бүгін біздер таразыға салып, шама-шарқымызша төрелік айтатын халге жетіп отырмыз.

Дегенмен, Кеңес дәуірінің пайдалы, өнегелі жақтары да болды, оны мойындауымыз керек.

Жалпы тәртіптің болғаны, заңның орындалғаны, азаматтарға жаппай білім беруі, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени шаралар т.т. жағынан болсын дүние жүзінің көптеген елдерінен ілгері еді. Ал көптеген кемшіліктеріміз де болды, ең бастысы тәуелді болдық.

Ал көптеген кемшіліктеріміз де болды, ең бастысы тәуелді болдық

Қара нан мен қара шай ішсек те тәуелсіздік бәрінен артық. Кеңес Одағы құрылған алғашқы жылдары діндарларға аса бір қысым болмаса да, әсіресе, Сталин билікке келгеннен соң бірте бірте дін атаулымен күресу, ұстағанын қамап, жер аударту, тіпті, ату сияқты науқанға айналған қатыгездіктер орын алды. Бұл енді ұзақ әңгіме. Бірақ, қазіргі егемендік дәуірінде қарама қарсы процесстер жүріп жатқаны таңдандырады. Одақ құлағанда 74 жыл бойы атеистік, материалистік жүйеде тәрбие алып, өзінің рухани бастауларына шөлдеген қоғамда моральдық вакуум пайда болды. Оған әлеуметтік, саяси, мәдени т.б салалардағы вакуумды да қосыңыз. Тоқсаныншы жылдардың басындағы жұрт күтпеген жерден түрлі тапшылыққа, атап айтқанда тауардың, заттың, жұмыстың тапшылығына душар болып, бұрын бір жүйеде туып өскен ұрпақтар не болғанын білмей қалған жағдай болды. Тәуелсіздікті өмірі көрмеген, оны сезінбеген көпшілік жаңа мемлекет қалай болар екен деп алаңдады. 74 жыл дегеніңіз аз уақыт па?!

Міне, осындай тапшылықтар сахнасында азаттыққа, кең бостандыққа ие бола қалған халық көрінгеннің соңынан ерді де кетті. Мысалы, дінге, діни сенімге шөлдеген халық тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылында тәуіп, әулие, бақсы, балгер, көріпкелдер мен барыпкел-шауыпкелдерге ерді. Сәуегейлер, ғайыптан жаңалық ашатындар, түрлі-түсті әулиелер, аталар, бабалар, аналар пайда болды. Алматыдағы үлкен алаңдарда, стадион мен цирк ғимараттарында мың-мыңдаған халықты жинап, сеанстар өткізіп, діни сауаты жоқ жалпақ жұртты бірнеше жыл бойы өзінің соңынан ергізіп, коммерциялық табысқа жеткен "дінпаздар", "сенім қанаушылары" пайда болды. Алайда, осы комедияны халық түсініп, оның жалыны өшіңкіреп қалды.

Тәуелсіздіктің алғашқы 10 жылында тәуіп, әулие, бақсы, балгер, көріпкелдер мен барыпкел-шауыпкелдерге ерді, екінші 10 жылдығында болса консервативті схоластикалық, фундаменталистік, догматтық ағымдар, көр-соқыр сенімге негізделген ұрдажықтар әлгілердің орнын басты.

Азаттығымыздың екінші 10 жылдығында болса консервативті схоластикалық, фундаменталистік, догматтық ағымдар, көр-соқыр сенімге негізделген ұрдажықтар әлгілердің орнын басты. Сырттан келген ағымдар мен іштегі жандайшаптары халықты өз қорасына кіргізумен әлек болды. Біз қазір сол уақытта тұрмыз. Қазір қоғамымызда, әсіре діншілдер мен қанаушы дінпаздар пайда болды, дін атын жамылған ағымдар мен ұйымдардың қоғамға, мемлекетке ықпалы едәуір күшейіп кетті. Олар бұқаралық ақпарат құралдарынан білім жүйесіне дейін, бизнес саласынан мемлекеттің құрылымдарына дейін кіріп кетіп, ықпалын енгізіп жатыр. Оңын-солын ажырата алмаған талай жұрт осылардың жетегінде кетті және осы қарқын жалғаса беретін болса алдымыздағы 15-20 жылдың көлемінде діни-саяси ағымдар мемлекеттің билігіне пішін беріп, саяси-құқықтық жүйенің өзгеруіне апарып соқтыруы да әбден мүмкін.

"Құдай жоқ!" дейтін атеист қоғамнан небары оншақты жылдың ішінде өзінің қандас бауырын діни себептерге байланысты бауыздайтын террористер мен көр-соқыр фанаттар шығады дегенге кім сенуші еді?

Күні кеше ғана "Құдай жоқ!" дейтін қылышшыл атеист қоғамнан небары оншақты жылдың ішінде өзінің қандас бауырын діни себептерге байланысты бауыздайтын террористер мен көр-соқыр фанаттар шығады дегенге кім сенуші еді?! Қазақстан азаматтары халықаралық террор топтарының ішіне кіре

Новости Казахстана
Mailfire view pixel