KZ
Адамзатты не күтіп тұр?

Адамзатты не күтіп тұр?

Расcказать Вконтакте

Заман қабағы қатулы. Шындығы керек, ХХI ғасыр адамзатқа керемет жетістіктер, жақсылықтар сыйлап жатқан жоқ.

Бәрі керісінше болуда. Ғасыр басында күйреп түскен АҚШ-тағы егіз мұнарадан басталған тас-талқан әлі толас табар емес.

АҚШ-тың Иракқа, Ауғанстанға басып кіруі, Израиль-Ливан соғысы, Қап тауындағы теке тірес, Азия елдеріндегі мелекеттік төңкеріс, қанды шерулер, әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыс, ғаламды қамтыған табиғи апаттар, Солтүстік Африка, Таяу Шығыстағы шырғалаңдар, қарулы қақтығыстар - осының бәрін адамзат үстіміздегі ғасырдың алғашқы он жылдығында бастан кешіруде.

Алдағы жылдарда саналы тіршілік иесін не күтіп тұр? Белгісіз.

Әйтеуір адам үшін жақ­сылықтың нышаны алыс сияқ­ты. Бүгінгі көріпкелдерді бы­лай қойғанда, ес білмес ескі заман­ның жылнамашылары да адамзатты болашақта тек қайғы-қасірет күтіп тұрғаны жөнінде көп жазған. Ежелгі үнді-қытай не болмаса Америкадағы үндістердің, шөл далада ғұмыр кешкен бә­деуилердің жазбаларында "жер төңкеріліп түседі, зауал аспаннан төнеді, тіршілік иелерінің үштен екісі жойылады" деген үрейлі жол­дар бар. Көн терілерге ойылып жазылған, тастарға бәдізделген бұл жазбаларды бүгінгі ғылым жоққа шығара алмайды. Ғасыр доңғалағы алға жылжыған сайын осы жазбалардағы айтылған қауіп-қатерлер алдан шығып жат­қаны белгілі.

Жалпы, жыл өткен сайын жиілеп бара жатқан табиғи апаттар әлемдік экономиканың кері кетуін тездетуде. Демек, ауыл шаруашылығы да күйзеліске ұшы­рауда деуге болады. Тірлік осылай жалғаса берсе, мұның соңы бүгінгі таңда саны 6 мил­лиард 800 миллионға жетіп отыр­ған адам баласын азық-түлікпен, ауызсумен қамтамасыз ету қиынға соғары хақ. Қазірдің өзінде осыншама халықтың жартысына жуығы аш құрсақ, ауызсуға жарымай жүргені белгілі.

Өткен жылғы Ресейдегі апшыны қуырған ыс­тық, өрт, Қытайды жайлаған құр­ғақшылық, Оңтүстік Африкадағы табиғи апат­тар, Шри-Ланкадағы жер дүм­пулері, Пәкстандағы сел-тасқын, Еуропа территория­сындағы бұрын-соңды болмаған қалың қар мен үскірік аяз, Бра­зилия мен Аргентинадағы соңғы отыз жылда болмаған құрғақ­шы­лық - осының бәрі адам баласын асырап отырған ауыл шаруашы­лығына үлкен соққы болды.

Адамдарға тамақ жет­пеген кезде, олардың алдында үш мақсат тұрады - қоныс аудару, көтеріліске шығу, шейіт болу

БҰҰ халықаралық азық-түлік бағдарламасының өкілі Жозетт Ширан:

"Адамдарға тамақ жет­пеген кезде, олардың алдында үш мақсат тұрады - қоныс аудару, көтеріліске шығу, шейіт болу", - дейді. Әлем бойынша азық-тү­ліктің қымбаттауы жер-жерде халықтың наразылығын тудыруда. Демек, жұмыр жер бетінде бұдан былай қақтығыс ошақтары кө­беймесе, азаймасы анық.

АҚШ ұлттық зерттеулер институтының бас директоры Жеральд Селенте­нің:

"2012 жылға қарай Америка аш адамдардың ереуілінен, стихиялы көтерілістерден, түрлі шерулерден бас көтере алмай қалады" дегенді айтады.

Ал ағыл­шын Карен Уорд (НSВС банкінің экономисі) "алдағы уақытта Ұлы­британияда азық-түлікке байла­нысты дүмпулер көз үйреншікті дүниеге айналмақ" деп жазады. Ал халықаралық Human Rights Watch ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі Майкл Клэр өзінің "Шикізат үшін соғыс" атты кітабында "әлем үшінші дүние­жүзілік соғыстың табалдырығында тұр" деп көрсеткен. 

Оның пайымдауынша, ендігі соғыстың негізгі себебі азық-түлік, мұнай көздері және ауызсу үшін болмақ

Ресурстарды бөлу соғысы қазір басталып кетті деуге болады.Глобаның болжамдары қандай? Осы тұста мына бір жайтқа назар аудармасқа болмайды.

Жа­қында Ресей астанасы Мәскеуде осы елдің ең белгілі астрологтары, бақсылары, парапсихологтары бас қосып, алдағы уақытта Ресейді һәм ғаламды не күтіп тұр деген дөңгелек үстел өткізіп, өз бол­жамдарын ортаға салды. Сол жерде бірі "2007-08 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы әлі аяқталған жоқ, нағыз дағдарыс алда. Әлі талай трансұлттық ком­паниялар, ірі қаржы институттары тіпті жекелеген кейбір мемле­кеттер банкрот болмақ" дейді.

Ал белгілі астролог Павел Глоба:

"биыл да, алдағы жылы да әлемнің әр түкпірінде мылтық атылып, бомба жарылып, соғыс ошағы көбейе бермек. Соның ішінде биылғы жылдың жазы Ресейге тағы да жақсылық әкелмейді. Бір­неше мәрте ай тұтылады. Жал­пы, биыл мұндай тұтылу алты рет болмақ. Мұндай жағдай осыдан жиырма жыл бұрын КСРО та­райтын кезде орын алған. Соңғы тұтылу үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында болмақ. Осыдан кейін-ақ, Балқан түбегінде қару­лы қақтығыс басталады. Нобель сыйлығын беру кезінде лаңкестер бомба жарады. Жалпы, биылғы жылды Ұлы Отан соғысы басталар алдындағы 1939 жылмен са­лыс­тыруға болады. Өйткені 1939 жы­лы Екінші Дүниежүзілік соғыстың алғашқы нышандары байқалған. Биыл да солай.

Оған жұрт куә болып отырған Араб елдеріндегі теке тірестердің орын алуы" дейді. Сондай-ақ Павел Глоба Үшінші Дүниежүзілік соғыстың баста­латынын кезінде болжап берді. Ол 2014 жылы болмақ. Соғыс Сочи олимпиадасы біткен соң бес күннен кейін басталады.

Африка елдерінде басталған төңкеріс Таяу Шығыс, Парсы шығанағын жал­мап, Орта Азияға жетпек. Одан ырғып, Ресейге жақындамақ... Глобаның болжамы қаншалықты шындыққа жанасымды бола­тынын уақытында көрерміз.

Араб елдеріндегі төңкеріске тоқталған ол:

"Тунис, Египет президенттері тақтан тайғаны белгілі. Ливия билеушісі Каддафи де орнынан кетеді. Одан кейінгі кезек Сирия және Йемен басшысына келмек. Ең соңы болып, үш жылдан кейін Иран президенті орнынан қуыл­мақ. Ал Каддафидің қай жылы туғанын ешкім білмейді. 1937 я болмаса 1940 деп айтылады. Ол мейлі қай жылы туылмасын, егерде 7 шілдеде туылса, сол күні қайтыс болады. Өйткені дәл сол күні күн тұтылады" деп Таяу Шы­ғыс елдерінің басшылары жөнінде де болжам жасап қойды. Кім не десе о десін, баршаға бел­гілі бір жайт, ол - жыл өткен сайын табиғи апаттардың көбеюі, азық-түліктің қымбаттауы, қорды қайта бөлуде қақтығыстардың жиілеуі. Бұл - аксиома. Жақында болған Жапон аралындағы қатты жер сілкінісі, мұхиттан көтерілген цунамидің елді мекендерді шайып кетуі, атом стансасындағы апат, ондаған мың адамның қаза табуы ғаламның қабырғасын қайыс­тырған қайғы. Жапониядағы жер сілкінісінің зардабы әлемдік эко­номикаға қатты әсер етпек. Себе­бі бұл ел - жер бетінде АҚШ-тан кейін экономикасы қатты дамы­ған екінші мемлекет. Әзірге бұл елдің апаттан шеккен зияны 300 миллиард доллардан асып жы­ғылады деп есептелуде.

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті ме?

Ал Үшінші Дүниежүзілік со­ғыс жөнінде айтар болсақ, көп­теген сарапшылардың пікірінше, соғыс басталып кетті. Араб ел­дерінде тұтанған от жер дүниенің біраз бөлігін шарпымақ. Бұл соғысқа ондаған елдер қатысады. Шын­дығы керек, Ливиядағы соғысқа НАТО-ға мүше 28 елмен, бірқатар араб-мұсылман мемле­кет­тері қа­тысуда. Жалпы, Ли­вия­дағы со­ғыстың себебі не дегенде бұған ешкім мандытып жауап бере ал­мауда. Тек "Батыс пен Шы­ғыс арасында ресурстарды бөлу жанжалы" дегенді ғана ай­тады. Дегенмен кейбір сарапшы­лар "АҚШ үшін әлемнің әр қиырында қарулы жанжалдардың болғаны жақсы. Себебі әлсіреп кеткен долларды нығайтудың ең тиімді жолы - соғыс" деседі. Осы орайда бүгінгі күні НАТО араласып жатқан Ливиядағы жан­жалға аз-кем тоқтала кеткен артық болмас.

Егерде Муаммар Кад­дафи тақтан кетсе, осындай же­ңіл­­дік­тердің бәрі құритыны бел­гілі

Жалпы, "қырық жыл ел билеген Муаммар Кад­дафиді тақтан тайдыру керек" деген ұранмен жүріп жатқан со­ғыстың басты себепкері - Кад­дафи кім? Ақиқатына келсек, Кад­дафи - айдалада қоста дүниеге кел­ген кембағал бір бәдәуидің баласы. Кейіннен билік тізгінін ұстаған соң өзінің жазғандарында ол: "менің жастық шағым шетсіз-шексіз аспан астында өтті. Біз, бәдәуилер, еркін жүрген адам­дармыз. Азаттықты сүйдік" деп айтқаны бар.

Оның жастық шағы туралы әкесі: "Муаммар мектепте оқып жүріп каникулға шыққан кездерінде отыз шақырым жердегі қосқа жаяу-жалпылап келуші еді. Ол азаттықты сүйді. Елін Батыс­тың отарлаушыларынан азат ету үшін басын тікті" деп жазды. 1969 жылы елдегі монархиялық ре­жимді құлатқан Муммар сол елдің билеушісі атанды. Әрине, елдің премьер-министрі де, қорғаныс қолбасшысы да атанды. Ең со­ңында мұндай ресми лауазымдар­дан бас тартып, төңкеріс же­текшісі-көсем деген атты өзіне қалдырды. 1970 жылы елдегі би­лікті таза қолына алған ол Ли­виядағы өзге елдің әскери база­ларын жауып, әскерін қуып шық­ты. "Біздің жерде ешқандай шетелдің әскери базасы тұруы тиіс емес. Кетуі керек. Әйтпегенде төңкеріс жалғаса береді. Отар­шылардан елді азат етуде біз қаза табамыз. Бірақ бәрібір азаттық соғысы жалғаса бермек" деп жа­лынды сөздер айтқан ол, сол жылы ағылшын, американ, ита­льян әскери базаларын жапты­рып, жатжұрттық әскерді өз жерінен қуып жіберді.

Мемлекет дамуының бағдаршамы болған "Жасыл кітап" деген кітабын жазды. Шындығында, бұл кітап ливиялықтарды өркениетке же­теледі.

Мұнайдан түскен көп ақшаның арқасында әрбір отба­сын құрған жас шаңыраққа бірден алпыс мың доллар берілді. Бен­зиннің литрі бұл елде бар-жоғы - 14 цент қана. Баспаналы болғы­сы келгендерге несие пайызсыз бе­рілді. Бұл елдің тұрғындары көп­теген әлеуметтік жеңілдіктерге ие болды.

Егерде Муаммар Кад­дафи тақтан кетсе, осындай же­ңіл­­дік­тердің бәрі құритыны бел­гілі. Мұндай халқына жақсылық жасай білген адамның артына Батыс неге шырақ алып түсті, несі ұна­май қалды? Қысқасы, Кадда­фи­дің өмірде қандай адам болған­дығы жөнінде кеңінен айтуға болар еді. Оны келесі бір мақалада тоқтала жатармыз. Ал жалпы, адам­затты алда не күтіп тұр, аштық па, әлде қанқұйлы соғыс па? Сарапшылар мен көріпкелдер мұның екеуі де дегенді айтады.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel