Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ-те жаңа қызметкерлерді не күтеді?

Опубликовано:

Жұмысты ауыстыру процесі - өмірдегі ең жағымды нәрсе емес. Біз NUR.KZ мұны жақсы білеміз, сондықтан жаңа қызметкердің біздің ұжымымызда өзін жайлы сезінуі үшін мүмкіндігімізше барлық жағдайды жасаймыз.

NUR.KZ-те жаңа қызметкерлерді не күтеді?

Сонымен, сіз сұхбаттасудың барлық деңгейлерінен өттіңіз және бүгін сіздің алғаш жұмыс күніңіз делік.

Біз сіздің қобалжып тұрғаныңызды білеміз, өйткені сіз жаңа жерде ешкімді танымайсыз. Бірінші минуттан бастап сізді осында күтіп, сіздің келуіңіз үшін жұмыс орнын, кеңсе тауарларын және тіпті корпоративтік поштаны дайындап қойғанымызды білдіреміз.

Ал онда - сәлем хат. Біз оның мазмұнын ашпаймыз, тек қана оны жақсы және шабыттандыратын әсері бар деп айтамыз.

Бұл хат - өздігінше бір чек парақша, біз онда жаңа қызметкердің тезірек бейімделіп кетуі үшін тиімді болатын жайттарды жазамыз.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне үңілсек, жаңа қызметкерлердің тең жартысы оларға айтарлықтай көңіл бөлінбеген жағдайда 120 күн аралығында компаниядан шығып кетеді.

Біз жаңа қызметкерді таңдауға аса жауапкершілікпен қараймыз, сондықтан оның алғашқы айларда бізді тастап кетуіне жол бермеуге тырысамыз.

"Әрине, мен NUR.KZ-тегі алғашқы жұмыс күнімде қатты қобалжыдым. Алайда мені жайдарлы қарсы алып, барлық бөлімшелердегі қызметкерлермен таныстырып, кеңсе ішінде экскурсия өткізді.
Мен дәл сол сәтте өзімнің ең қонақжай әрі тату ортаға келгенімді сезіндім.
Кейіннен менің пікірім расталды - әріптестерімнің әрқайсысы бірдеңені айтуға дайын болды, басшы менің пікірімді әрдайым мұқият тыңдап, қажет болған жағдайда дұрыс бағыттады", - дейді қазақ редакциясының редакторы Жұлдызай Омархан.

Сондай-ақ, сізді Workplace қызметтік әлеуметтік желісіндегі барлық әріптестеріңізбен таныстырады, онда сіз әріптестеріңізбен сөйлесе аласыз, талқылауларға қатыса аласыз және біздің жетістіктер мен ішкі оқиғалар туралы біле аласыз.

NUR.KZ қызметкерлерінің Workplace сервисін пайдалану мүмкіндігі бар, себебі NUR.KZ Facebook-тің ресми серіктесі болып табылатын компания.

Брэд Смарт өзінің "үздіктерді іріктеу" кітабында жұмыстың алғашқы айларында жаңадан келгендердің 50%-ы сәтсіз нәтижелерді көрсетіп, жалпы көрсеткіштерді төмендетіп, компанияның бюджетіне айтарлықтай нұқсан келтіретінін айтқан.

"Көп нәрсе қызметкердің өз жұмысының мәнін дұрыс түсінуіне байланысты. Сондықтан бейімделудің келесі кезеңі - сіздің функцияларыңыз бен міндеттеріңізді талқылау.
Басшымен бірге қызметкер жұмыс мақсаттарын талқылайды және ағымдағы барлық мәселелер талқыланатын тұрақты кездесулер туралы келіседі.
Бізге сіздің кері байланысыңыз өте маңызды, сондықтан NUR.KZ-те басшылар мен қызметкерлер арасында тосқауыл қойылмайды", - дейді HR-бөлімінің басшысы Мария Карчевская.

Осы және басқа да шаралар біздің қызметкерлерімізге жұмыстың алғашқы айларында нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді, бұл олардың жеке табыстылығына да, бүкіл команданың жұмысына да оң әсер етеді.

NUR.KZ-те жаңа қызметкерлерді не күтеді?

Одан да көп артықшылықтарды "NUR.KZ-те жұмыс жасаудың 5 себебі" мақаласынан біліңіз

Бізде жұмыс істегіңіз келеді ме? Біздің бос орындар бөліміне кіріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1802933-nurkz-te-zaa-kyzmetkerlerdi-ne-ktedi/

pixel