Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов президент тағайындаған ең жас шенеунік болып шықты

Опубликовано:

Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдер мен министрлерді тағайындады. Олардың ішіндегі ең жасы - 37 жастағы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болды. Ал ең үлкен шенеунік - Президент әкімшілігінің 64 жастағы басшысы Қырымбек Көшербаев болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Орталық байланыс қызметі
Фото: Орталық байланыс қызметі: UGC

Басқа тағайындалған шенеуніктердің жасы нешеде?

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 41 жаста. Ол - әкімдер арасындағы ең жасы.

Фото: Қырымбек Көшербаев, Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Қырымбек Көшербаев, Sputnik / Болат Шайхинов: Facebook

Елорданың бұрынғы әкімі, ал қазір сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 47 жаста.

Фото: mail.kz
Фото: mail.kz: UGC

Жаңадан құрылған экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы 40 жастағы Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін энергетика министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Батыс Қазақстан облысының әкімі, Ғали Есқалиев Көлгінов орын иеленген еді. Қазір Есқалиев 49 жаста.

Фото: Ғали Есқалиев, Уральская неделя
Фото: Ғали Есқалиев, Уральская неделя: Getty Images

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың жасы 55-те. Осы жасқа дейін ол Түпқараған ауданының, Жаңаөзен қаласының әкімі болып үлгерді, сондай-ақ, Ақтау әкімі болды.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов аталғаш лауазымға облыс әкімінің орынбасары болған соң келген. Ол 51 жаста.

Фото: ТАСС
Фото: ТАСС: UGC

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев 55 жаста.

Бұған дейін ол Республиканың премьер-министрі қызметін атқарды, ал одан кейін президент Әкімшілігінің басшысы болды.

Енді шенеунік елдің ең үлкен мегаполисін басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802533-ajmagambetov-prezident-tagajyndagan-e-zas-seneunik-bolyp-sykty/

pixel