Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Теңіздегі жезөкшелер ордасы жайлы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Атырау облысының полицейлері Теңіз вахталық кентінің аумағындағы жағдай туралы баяндады. Тәртіп сақшылары кен орнында притондардардың анықталғаны туралы қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, KAZ.NUR.KZ.
Фото: Видеодан кадр, KAZ.NUR.KZ.: UGC

Хабарламада айтылғандай, кентте қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ.

Бұдан бөлек, полиция тәртіпбұзушылық фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталуда.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы Теңіз кентінде бірнеше притон анықталды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ПД тұрғындарға араңдатушылық мақсатта таралып жатқан ақпаратқа ермей, шындыққа сай келмейтін мәліметті таратпауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Теңіздегі дау 29 маусым күні болды. Оқиға салдарынан 40 адам зардап шекті.

Шетелдік компанияның басшысы Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802488-policia-teizdegi-zezkseler-ordasy-zajly-akparatka-pikir-bildirdi/

pixel