KZ
Малазиялық бизнесмендер қазақстандық туризмді инвестициялауға дайын
Новости Финансы

Малазиялық бизнесмендер қазақстандық туризмді инвестициялауға дайын

Расказать Вконтакте

Малазиялық бизнесмендер қазақстандық туризмді және құрылыс индустриясын инвестициялауға дайын.

Бұл туралы малазиялық "ALM Group" компанииясының өкілдері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегі кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз хатшысы."Дәл қазір бізді туризм, құрылыс индустриясы саласы және агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістердің ашылуы қатты қызықтырып отыр", - деп компания өкілдерінің сөзінен үзінді келтіреді баспасөз қызметі."ҚР ИЖТМ басшылығы қонақтарға елдегі жүргізіліп жатқан жаңа индустриальдық саясат туралы баяндап, экономиканың басым салаларындағы кез келген жоғары технологиялық жобаларды қолдауға дайын екендіктерін жеткізді", - делінген хабарламада.Тараптар таяу уақытта компания нақты жобаларын ұсынғаннан кейін инвесторлардың ұсынысын бүге-шігесіне дейін талқылау үшін қайта кездесуге келісті.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии