Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметкерлермен жаттығу жасаған Шымкенттің бас полицейі елді сүйсінтті

Опубликовано:

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметкерлерімен бірге жаттығу жасап, көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі

полиц
Видеодан алынған кадр: Instagram

Әлеуметтік желіде полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтің тәртіп сақшыларымен жаттығу жасап жатқан сәтінің видеосы тарап кетті.

Онда бас полицейдің қаладағы стадиондардың бірінде бір топ қызметкерлерімен бірге жүгіріп, «отжимания» жасаған сәтін байқауға болады.

Мұны көрген желідегілер Ералы Жұмаханбетовтің әрекетін өзге әріптестеріне үлгі деп атап өтіп, оның қарапайымдылығына тәнті болды.

Айта кетейік, бұған дейін полиция полковнигі өзінің Instagram парақшасында полицейлердің жаттығу жұмыстарына қатысты ақпарат жария еткен болатын.

"Қазіргі әлемде қылмыскерлердің барлығы, тіпті тактикалық тәсілдері өзгереді. Қаскүнем өзін ұстау кезінде қалай әрекет ететінін ешқашан болжай алмайсың. Сондықтан полицейлер барлығына дайын болуы керек. Ішкі істер органдарында алдағы реформаларға байланысты ІІМ оқу орындарын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Оқу үрдісінде оқытудың практикалық бағытына ерекше назар аударылатын болады" деп жазды Полиция департаментінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797220-kyzmetkerlermen-zattygu-zasagan-symkentti-bas-polieji-eldi-sjsintti/

pixel