Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарбыздың пайдалы және қауіпті қасиеттері

Опубликовано:

Қарбыз - нағыз таптырмас табиғат ғажайыбы. Асқабақ тұқымдасына жататын жеміс тәтті әрі хош иісті болып келеді. Оған қоса, ол көптеген пайдалы қасиеттерге де ие. Үлкен және аса дәмді қарбыздарды тіскебасарлар мен десерт ретінде қолданады. Толығымен піскен кішкентай жемістерді тұздап, маринадтап қояды. Тіпті, қарбыздың дәнектерін ас қоспасы ретінде пайдаланады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Getty Images

Қарбыздың пайдасы мен қолданылуы

Дүниежүзінде қарбыздардың мыңнан астам түрлері бар. Олар шар, цилиндр тәріздес және сопақша болып келеді. Жемістің отаны Оңтүстік Африка болып табылады. Еуропаға қарбыздарды крест жорығына қатысушылар алып келген. Жасыл түсті қалың қабықтың астында шырынды қызыл мәйек орналасқан. Бүгінгі күні, кейбір ғалымдар жеуге қолайлы болу үшін қарбыздарды дәнсіз өсіріп шығаруды қолға алған.

Қарбыздың мәйегі сумен қанттан ғана тұрады деген тұжырымдар өте көп. Шын мәнінде жеміс көптеген нәрлі заттардан, май қышқылдары мен эфирлі ақуыздардан, В және С витаминдерден, магний, калий, марганец, темір, мырыш, жанартас, мыс және антиоксиданттардан тұрады.

Бұл жеміс аз калориялы болып саналады. Кейбір асханаларда тіпті қарбыздың дәнін жеуге болады деп есептейді. Оларды азиялық және Таяу шығыс асханаларында тамаққа қосып жатады. Қарбыздың қурылған дәнін тіскебасар мен салаттар құрамына қосады. Ниегрияда жеміс белгілі бір сорпаларды әзірлеуде қолданады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Getty Images

Қарбыз - өсімдік. Көптеген зерттеу жұмыстары өсімдіктен жасалатын тағамдарды көп қолдану диабет, жүрек аурулары мен семіру қаупін азайтатынын көрсетті. Оған қоса, олар адам бойындағы күш-қуатты арттырып, артық салмақтан арылтады. Сонымен қатар, қарбыздың арқасында беттің түсі мен шаш құрылымы жақсарады.

Біздің денеміз аргинин мен лизин іспетті аминқышқылдарын қажет ететіні көпке мәлім. Адам организмі оларды өздігінен өндіре алмайды. Сол себепті, біз оларды тамақ құрамынан аламыз. Қарбыз дәнін құрамында триптофан мен глутамин қышқылы іспетті кейбір аминқышқылдар кездеседі. Лизин кальцийдің сіңуіне көмектеседі. Ал аргинин зат алмасу үрдісін жақсартып, жүрек-қан тамырлар жүйесін күшейтеді.

  • Қарбызды жеу аса пайдалы.Себебі:

Ол демікпенің алдын алады.

Қарбыз дәні жүрек пен тыныс алу органдары үшін аса маңызды магнийдің таптырмас қайнар көзі болып табылады.

  • Жеміс бұлшық еттердің ауруын азайтады.

Амин қышқылдарының арқасында қарбызды қолдану бұлшық еттің жұмысын жақсартады, олардың шамадан тыс сезімталдығын жояды, спортшыларда қалпына келу уақытын және келесі жаттығуды орындауға кірісу қабілетін азайтады.

  • Қарбыз артериалық қан қысымын қалпына келтіреді.

Зерттеулер жеміс құрамында бар элементтер гипертонияға шалдыққан егде жастағы адамдардың қан қысымын төмендететінін көрсетті. Қарбыз құрамында мәйектің қызыл түсіне жауап беретін ликопин бар. Ол өз кезегінде, түрлі жүрек ауруларының алдын алуға таптырмас мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бет терісінің жақсартып, ерлердегі өнімсіздікті арттырады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook
  • Қарбыз - аса мықты антиоксиданттардың қайнар көзі. Олардың құрамына С витамині де кіреді. Олар қатерлі ісікке шалдықтыратын еркін радикалдардың құрылуына қарсы күресте үлкен көмек көрсетеді.
  • Жемістер ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіріп, гидратацияға жол бермейді.

Қарбыз мәйегіндегі су мен талшықтардың үлкен мөлшері іш қатуды болдырмай, асқазан-ішек жолының денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Оған қоса, жеміс құрамында ыстық күндер кезінде орын алатын құрғатудан қорғайтын маңызды электролиттер бар.

  • Қарбыз шаш пен терінің жағдайын жақсартады.

Жемісте май бездерінің өндіруге қажетті А витамині бар. Ол өз кезегінде шаштердің ылғалдандырылуы үшін аса керек. А витамині организм ұлпаларының өсуі үшін, шаш пен тері үшін де қажет. С витаминін қолдану шаш пен тері құрылымын қамтамасыз ететін коллагеннің құрылыуына себепші болады.

  • Өсімдік құрамында нәрлі зат, холин бар.

Ол жасушалық мембраналардың құрылымын бір қалыпта ұстап тұруға және жүйкелік импульстардың берілуіне себепші болады. Сонымен қатар, ол майды адсорбтау мен қуықтың ісінуін азайтады.

Өзіңді сергек әрі жақсы сезіну үшін қарбыз жеген жөн. Оны күнделікті қолдану энергия мөлшерін 23%-ға көбейте түседі. Оны жасушаларды магниймен қамтамасыз ететін В6 витамині іске асырады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Үлкен жемістердің құрамында көптеген пайдалы заттар бар екенін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, кейбір аурулар кесірінен бұл жемістен бас тартқан да жөн. Мәселен, бүйрек ауырған немесе оның құрамында тас болған жағдайда зәр айдайтын өнімді көп қолданбаған абзал. Гастрит, колит, панкреатитке шалдыққан адамдарға да қарбызды көп қолдануға болмайды.

Жемістің өсіп шыққан ортасы, сақталған жері мен қолданылған мекені де оны адам денсаулығы үшін қауіпті ете алады. Өнімді тас жолдан алыс орналасқан жерде, шатырдың астында өсіруге болады. Себебі асқабақ тұқымдастар бірнеше сағат ішінде-ақ көліктер бөліп шығаратын көптеген ауыр металлдарды тез сіңіріп ала алады.

Қарбыз таңдаудағы тағы бір қауіп тудыратын себеп - құрамында нитраттардың болуы. Шын мәнісінде, нитраттар барлық жемістерде емес, тек кейбір таңдаулы түрлерінде ғана кездеседі. Бүгінде нитраттан қауіпсіздендірілген жемістер өсіріліп жатыр. Олар өңдеу кезінде құрамына зиянды заттарды жинамайды. Алайда, қазіргі таңда химиялық допингті белсенді түрде қолданатын көптеген өндірушілер жетіп артылады.

Нитраттардың аздаған мөлшерде болуы қауіпсіз болып келеді. Алайда, қарбыздарды жылыжайларды өсіретін фермерлер асқабақ тұқымдастарды өсіруде азотты тыңайтқыштарды пайдаланып технолгияны бұзып жүр.

Асқабақ тұқымдастар уақыты тамыз соңынан қыркүйектің басына дейін созылады. Қарбыз бен қауындарды тым ерте пайдалану денсаулыққа кері әсер етіп, улануға әкеп соқтырмақ.

Тәтті жемісті тек қана арнайы агроөндірістік базарларда, дүкендер мен супермаркеттерде сатып алған жөн. Бұл мекемелерде сапасыз өнім алу қаупі анағұрлым төмен. Себебі, олар жемісті қабылдап алмас бұрын арнайы лабораториялық тексеріс жүргізеді.

Лаборатория эксперттік қорытынды шығарып, өнімнің өсіп шыққан уақыты, жеткізушінің кім екені мен жеміс құрамындағы нитраттар мөлшерін көрсетіп береді. Қарбыз құрамындағы нитраттардың мөлшері бір келіге шаққанда 60 миллиграм болуы тиіс.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Instagram

Құрамында химикаттар көп жемісті нитраттарды жойып тастап жеуге болады. Яғни, қарбызды суық суда ұзақ ұстап, оны ұзақ уақыт бойы жуу оның ішіндегі нитраттар көлемін азайта түседі.

Денсаулыққа зиян тигізбей, уланып қалмас үшін қарбызды дұрыс таңдай білу керек. Ол үшін не істеу қажет?

  • Құжаттарды сұраңыз. Егер жеміс қауіпсіз болса, сатушы сізге сапа сертификатын көрсетеді. Сертификаты бар қарбыздар өздігінен өседі. Олардың құрамында зиянды элементтер жоқ.
  • Сыртқы қабығына назар аударыңыз. Сыртқы пішіні жақсы болған қарбыз дұрыс жерде сақталып, ережеге сай тасымалдаған. Ешқашан қарбыздың жартысын сатып алмаңыз. Ішек инфекциясына тап болуыңыз әбден мүмкін.
  • Сыртқы қабықтағы қара түстес сызықтар айқындалып тұру керек. Бұл дегеніміз, жемістің ешбір химиясыз өздігінен пісіп өскенін білдіреді. Егер қарбыз бір түсті болса, оның түсі де бірдей болуы керек.
  • Кішкентай көлемді әрі пішіні кедір-бұдыр болса қарбыздың нитрат көмегінсіз өскенін білдіреді.

Өздігінен өсіп шыққан қарбыз тек қана пайдасын тигізеді. Құрамында нитраттары жоқ жеміс пайдалы компоненттерге толы. Бар болғаны хош иісті жасыл жемісті таңдап, оның ерекше дәміне тәнті болу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1797071-karbyzdy-pajdaly-zne-kauipti-kasietteri/

pixel