Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!

Опубликовано:

1 мамыр күні сағат 12.00-де Барыс-Аренада жылдың ең басты жобасы өтеді! Ерекше балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығының XIV халықаралық фестивалінің гала-концерті.

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!

Қазақстан астанасында 26 мамыр күні ерекше физикалық және әлеуметтік қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығының XIV халықаралық фестивалінің финалдық кезең басталған болатын.

Жыл сайын фестиваль Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған баланы бір ортаға жинайды. Биылғы жылы аймақтық іріктеуге ерекше жағдайдағы 7 758 бала 6 номинация бойынша қатысты - вокал, хореография, ыммен ән айту, аспапта ойнау, қолданбалы өнер мен бйнелеу өнері. Жалпы фестиваль тарихында іріктеуден 30 мыңнан астам қазақстандық бүлдіршін өткен.

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!

Биылғы жылы фестиваль алғаш рет Қазақстан шекарасын асып өтіп, Ресей, Түркия, Белоруссия, Франция, Грузия мен Түркменстан сынды елдерден ерекше балалар қатысты. Фестивальді шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату мақсатында басқа елдердегі этникалық қазақтар Нұрсұлтан қаласына арнайы фестиваль қатысушыларын қолау үшін келіп, гала-концертке қатысатын болады.

Фестиваль ұйымдастырушысы – «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қоры және ҚР Білім және ғылым министрлігі мен қазақстандық әртістерді ерікті қолдау.

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!

Гала-концерт – белсенділігі жалпы қабылданған таптаурындармен шектеліп қалған балалардың нетворкинг пен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру мен әлеуметтендірудің тамаша мүмкіндігі.

Фестиваль өз тарихындағы 14 жыл бойы көптеген қатысушылар үшін ары қарай шығармашылық дамуының бастамасы болды, олардың кейбірі өз оқуларын Қазақстанның жетекші шығармашылық оқу орындарында жалғастырды. Қазір олар тек қазақстандық қана емес шетелдік көрермендерді де өз өнерлерімен тәнті етіп жүр.

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!
"Бұрын мен топта билейтінмін, кейіннен басқа балалардың музыкалық аспаптарда ойнап жатқандығын көргенде, қызығушылығым ояна бастады. Осылайша ата-анамның қолдауымен гитарада ойнауды бастадым. Бірақ маған басында-ақ оның оңай емес екендігін ескертіп айтты, оның үстіне мен 3 сағат сайын қандағы қанттың мөлшерін білу үшін саусақтарыма ине салдырамын. Бірақ мені топтық құрамға өтіп, елордадағы үлкен сахнада ойнау туралы қалауым күштірек болған сияқты. Аккордтарды қатты ұстау керек, мен ойнап жатқанда айналадағының барлығын ұмытып кетемін, тек қолдарым қатты ауырғанда ғана есіме түседі. «Жұлтызайға» барлығы үшін рахмет! Мен қазір гитарада жақсы ойнаймын және сахнадан да қорықпаймын, 1маусымды өте толқынысты сезімде күтіп жүрмін", - дейді Атыраулық «Өмір гүлі» ансамблінің гитаристі 13 жасар Рушан Рита.

Фестивальдің қатысушылардың барлығы жеңімпвз деп толық сеніммен айтуға болады, әр бала өз қорқыныштарын, физикалық дерттерін, айналасындағыларға деген күмән мен сенімсіздікті жеңіп шығып, үлкен сахнаға алып баратын күрделі жолды жүріп өтті. Фестивальге қатысу баға жетпес нәтиже береді – балаларды өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауға, өмірлік жоспарлар құруға, көздеген мақсаттарына жету мен белсенді түрде әлеуметтенуге үйретеді.

Ерекше билеттерді сатып алып, талантты балаларға қолдау білдір!

Билеттерді төмендегі сайт пен MEGA Silk Way Сауда ойын-сауық кешеніндегі, "Керуен" Сауда, ойын-сауық кешеніндегі, "Қазақстан" спорт сарайындағы, "Азия Парк" сауда кешеніндегі кассалардан ала аласыздар.

Ерекше билеттерді сатып алып – Қазақстанның талантты балаларына қоладу білдіріңіздер!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797066-erekse-biletterdi-satyp-alyp-talantty-balalarga-koldau-bildir/

pixel