Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда екі бірдей жас келіншек үшем босанды (фото)

Опубликовано:

Түркістанда екі келіншек үшем босанды. Екі әйел де сәбилерін мамыр айында дүниеге алып келген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қос ана бүгін Түркістан қаласындағы №3 перинаталдық орталықтан үйлеріне шығарылды.

Олардың бірі - 27 жастағы Динара Нарханова. Жас ана осыған дейін бір қызды дүниеге әкелген, енді үш ұлдың анасы атанып отыр.

Дәрігерлер мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелердің жағдайы алғашында ауыр болды дейді.

1 мамыр күні туылған олар жасанды тыныстану аппаратына қосылған, бір айға жуық күтімнің арқасында қазіргі таңда жағдайлары жақсы, әрқайсысының салмағы екі келіден асқан. 
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетейік, Динара Нарханова жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған. Келіншек ұлдарына Икрам, Ислам және Имран деп есім қойған.

Екінші үшемді босанған келіншек Сайера Туклиева 29 жаста. Ол үшемдерді 27 мамыр күні дүниеге әкелген.

Кесір тілігі арқылы екі қыз, бір ұл туған жас ана сәбилеріне Фатима, Зухра, Исмайл есімдерін берген. Келіншектің бұған дейін үш сәбиі болған. Осылайша, ол күміс алқа иегері атанып отыр.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Батыр аналарды медицина мекемесінен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың өзі алып шықты.

Жас аналарға облыстық әкімдік тарапынан нәрестелерге арналған арба мен кереуеттер, киім-кешектер секілді өзге де қажеттіліктер табысталды. 

"Қазіргі таңда нәрестелердің барлығының жағдайы жақсы. Бастапқы кезде салмақтары аздау болғандықтан, оларды дәрігерлер қарауына алды. Медициналық күтім жасап, бүгін үйлеріне жақсы жағдайда шығарып жатырмыз. Бұдан былай әр отбасына медибике бөлінетін болады. Осы үшемдердің жағдайын қарап, бақылауда ұстап отыратын боламыз»,-деді басқарма басшысы Мұқан Егізбаев.

Атап өтерлігі, Түркістан облысы еліміз бойынша үшемдерді дүниеге әкелу жағынан көш бастап тұр деуге болады. Жыл басынан бері облыста үш ана үшем дүниеге алып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797053-trkistanda-eki-zas-kelinsek-birdej-sem-bosandy-foto/

pixel