Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қала түтінге оранды": Тараздағы өртенген үйдің видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Тараз қаласында өртке оранған бес қабатты тұрғын үйдің видеосы тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр, instagram.com/zhest_kz
Видеодан кадр, instagram.com/zhest_kz: Instagram

Видеодан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын, оқиға орнында жүрген тәртіп сақшылары мен тұрғындарды байқауға болады.

Өрт сөндірушілер ең алдымен көп қабатты үйдегі 171 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оның ішінде 42-сі бала болған. Сонымен қатар, тағы 20 адам құтқарылған. Оның бесеуі бала.

Қазақпарат таратқан ақпаратқа сәйкес, өртке оранған үйдің 350 тұрғынын жақын жердегі мектепке орналастырған.

Төтенше жағдайлар комитеті жалпы өрттің ошағын сөндіруге жеке құрамнан 62 адам мен 17 бірлік техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Қолданылған шаралардың арқасында 20:50-де 1200 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықтылған.

Мамандар 22:11-де тілсіз жауды толықтай сөндіргенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796962-kala-ttinge-orandy-tarazdagy-rtengen-jdi-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel